Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Басшылық-Басқарма

Асқар Нұрымжанов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасы, Басқарма мүшесі


Асқар Мұқанметжанұлы Нұрымжанов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2009 жылыАлматыдағы Халықаралық Бизнес Академиясының МВА бағдарламасы бойынша, 2014 жылы Халықаралық Бизнес Мектебін DBA бағдарламасы бойынша тәмамдады, "Іскерлік әкімшілік докторы" Академиялық дәрежеге ие.

Еңбек өтілін «Қазақтелеком» АҚ (Алматы қ.) ішкі аудит және есептік саясат қызметінің жетекші маманы, сосын қаржы департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап Қаржы департаменті директорының орынбасары, ал 2006 жылдан бастап 2016 жылға дейінАқмола облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Басдиректоры лауазымында қызмет етті. 2016 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

Матов Сәкен Шынарбайұлы

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Техникалық директор, Басқарме мүшесі

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы;
Білімі: 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Бизнестегі ақпараттық жүйелер мамандығы;

2018ж.Management&Marketing Universal Business School (Москва қ. MBA open).

Еңбек жолы:

2003-2007жж. – «Қазақтелеком» АҚ КСД интернет-қызметтерді сату және залдарды сүйемелдеу жөніндегі 1 санатты маман лауазымында бастап, 2007 жылға дейін жетекші инженер ретінде жалғастырды;

2007-2008жж. – «K-logic Web» ЖШС Коммерциялық директор;

2009-2016жж. – «Utel.kz» ЖШС бас директоры;

2016ж. – «HK Kazsatnet» АҚ Басқарушы директор

2017-2019жж. – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының инфрақұрылымды пайдалану және дамыту жөніндегі орынбасары;

2019-2020жж. – «Хозяйственное управление – 75» ЖШС Бас директорының кеңесшісі.

Шигаева Дальмира Санжарқызы

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Коммерциялық директор, Басқарма мүшесі

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы;
Білімі: 1987ж, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты;

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары:

«Құрметті байланысшы» атағы, «Ерен еңбегі үшін» Қазақстан Республикасы медалі, ҚР Президентінің «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалі.

Еңбек жолы:

1987-1991жж. – Қазақ КСР математика және механика Институтының математикаллық бағдарламалар зертханасының инженері;

1991-1993жж. – В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ Маңғыстау филиалының инженер-бағдарламашысы, 2-дәрежедегі маман;

1993-1994жж. – Ақтау политехникалық институтының 2-дәрежедегі маманы;

1994-1997жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Астанателеком» Сату орталығының техникалық есеп және паспортизация бөлімінің инженер-бағдарламашысы;

1997-1998жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Астанателеком» Сату орталығының Ақпараттық технологиялар цехының 2-дәрежедегі инженер-бағдарламашысы, Инженер-бағдарламашы;

1998-1999жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Астанателеком» Сату орталығының телекоммуникациялар желілерін басқаруды автоматтандыру бөлімінің бірінші дәрежедегі инженер-бағдарламашысы;

1999-2000жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Астанателеком» Сату орталығы Ақпараттық технологиялар қызметінің БИТТЛ енгізу және қызмет көрсету, техникалық есеп міндеттерін автоматтандыру бөлімінің бірінші дәрежедегі инженер-бағдарламашысы;

2000-2003жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Астанателеком» Қалалық телекоммуникация орталығы Бағдарламалық комплектілерге қолдау көрсету Қызметінің жетекші инженері, бас маманы;

2003-2005жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Астанателеком» Қалалық телекоммуникация орталығының жетекші инженері;

2005-2006жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Астанателеком» Қалалық телекоммуникация орталығы Сату орталығының бастығы;

2006-2009жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Астанателеком» Қалалық телекоммуникация орталығының Сатуды басқару бөлімінің бастығы;

2011г. – «Кателко» АҚ Сату департаментінің директоры;

2012г. – «Қазтелерадио» АҚ Сату департаментінің директоры;

2012-2015жж. – «Қазтелерадио» АҚ телерадиохабар тарату қызметі бойынша Басқарушы директор;

2015-2016жж. – «Қазтелерадио» АҚ мемлекеттік органдармен жұмыс бойынша Басқарушы директоры;

2016-2017жж. – «Қазтелерадио» АҚ мемлекеттік органдармен жұмыс бойынша Басқарушы директордың орынбасары;

2017-2018жж. – «Қазтелерадио» АҚ мемлекеттік органдармен жұмыс бойынша кеңесші;

2018 жылдан бері – «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Коммерциялық директор, Басқарма мүшесі

Ералиев Ғалымжан Бауыржанұлы

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Қаржы директоры, Басқарма мүшесі


Азаматтығы: Қазақстан Республикасы;

Білімі:

1997ж. – Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы;

2009ж. – жоғары кәсіби білім берудің «РФ Үкіметі жанындағы қаржы академиясы» Федералдық мемлекеттік білім беру мекемесін, халықаралық бизнес академиясын экономика және басқару мамандығы бойынша аяқтаған, іскерлік әкімшіліктендіру шебері, МБА-менеджмент, Сапа Менеджменті орталығының «ISO/IEC 27001:2013 сәйкес жоғары басшылыққа арналған кіріспе оқыту» сертификаты бар.

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары: «Үздік байланысшы» құрметті атағына ие.

Еңбек жолы:

1995-1997жж. – еңбек өтілін Орталық Азия Қор Биржасында стажер болып бастап, сонымен қатар ақпараттық-талдау бөлімінде кіші маман, маман, кейіннен сауда-саттық бөлімі бастығының міндетін атқарды.

1997-2006жж. – «Қазақтелеком» АҚ: дебиторлармен жұмыс жөніндегі бөлім маманы, Қаржы департаментінің менеджері, бас менеджері;

2006-2018жж. «Қазақтелеком» АҚ филиалдары: «Ақпараттық жүйелер дирекциясы» және «Корпоративтік сатулар дирекциясында» Бас директордың орынбасары – Қаржы директоры лауазымдарында еңбек етті.


Боқаев Әзім Мұхтарұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары – Аймақтық директор, Басқарма мүшесі

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі:

1975-1980жж. Түркімен политехникалық институты, инженер-электрик;

2002-2003жж. Алматы үздіксіз білім беру университеті, заңгер.

Еңбек жолы:

1981ж. Түркіменстанның Гяур ЛКЖО спорттық және қорғаныс-көпшілік жұмыс бөлімінің меңгерушісі;

1983ж. Түркіменстанның Гяур ЛКЖО бірінші хатшысы, екінші хатшысы;

1986ж. Түркіменстан ЛКЖО КО комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1986ж. Красноводск ЛКЖО КО бірінші хатшысы;

1988ж. Түркіменстан ЛКЖО КО жұмысшы және ауыл жастары бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1989ж. Түркімен республикалық комсомол ұйымы Ревизиялық комиссиясының төрағасы;

1989ж. Түркіменстан КП КО ұйымдастыру-партиялық және кадрлық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы;

1990ж. «Красный молот» АГАЗ директорының коммерция жөніндегі орынбасары;

1991ж. «Техноком» ШМК Ашхабад филиалының бастығы;

1991ж. Түркіменстан КП КО партиялық құрылыс және кадрлық жұмыс мәселелері жөніндегі комиссиясының жауапты ұйымдастырушысы, инспекторы;

1991ж. Түркімен КСР Мемжабдықтаудың 1 санатты маманы, келісімшарттар, ресурстар мен теңгерімдер басқармасының бөлім бастығы;

1992ж. «Спецстроймеханизация» тресінде жабдықтау және коммерция жөніндегі басқарушының орынбасары;

1992ж. «Строитель» өндірістік-коммерциялық фирмасының директоры;

1992ж. Красноводск қ. «Техноком» ШМК (12.1992 ж. бастап «Техноком» ЖК) директоры;

1997ж. «Аңсар» ЖШС Алматы қ. бойынша өкілі;

1999ж. «Корпорация «СКИФ» ЖАҚ вице-президенті;

1999ж. «Кәсіпорындарды қайта құру мен жою бойынша агенттігі» ААҚ Атырау облыстық филиалының директоры;

2001ж. «Кәсіпорындарды қайта құру мен жою бойынша агенттігі» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2002ж. «Техноком Комерц» ЖШС директоры;

2005ж. «Техноком Групп» ЖШС директоры;

2005ж. Алматы қ. Қаржы департаменті (05.2008 ж. бастап Алматы қ. қаржы басқармасы) арнайы тексеруден өту коммуналдық меншік басқармасының бастығы, коммуналдық меншікті басқару жөніндегі бөлім бастығы;

2011ж. «Avto Trans SDS» ЖШС Бас директоры;

2017ж. «Алматықұрылыс» ЖШС Бас директорының орынбасары және Бас директордың даму жөніндегі кеңесшісі;

2019ж.«Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Аймақтық директор, Басқарма мүшесі.