Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Вакансии

Техникалық есепке алу қызметінің 2 санатты инженері

Міндеттері:

1. Өндірістік активтердің (ТРХТ желісінің объектілері және деректер жіберу, қабылдау-тарату жабдығы, оның ішінде өндірістік алаңдар, имараттар инфрақұрылым объектілері) техникалық есебін жүргізу);

2. Жалға алушылар мен олардың мердігерлері үшін объектілерге кіруге рұқсаттар дайындау;

3. Бөгде ұйымдардың жабдықтарын есепке алуды жүргізу.

Талаптар:

Тиісті техникалық біліктілігі бар жоғары радиотехникалық білім.

2 санатты инженердің радиотехника, телекоммуникация саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, телерадио хабарларын тарату жабдықтары саласында негізгі теориялық білімі болуы тиіс.

Қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды білу (Microsoft Office бағдарламалары, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу дағдылары). Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын білу. Мемлекеттік тілді білуі құпталады.

Жұмыс жағдайлары:

Жұмыс аптасы бес күндік (08:00-17:00).

Жұмысқа келуге-қайтуға көлік бөлінген.

ҚР ЕК сәйкес ресімделеді.

Call-орталықтың маманы

Міндеттері:

Телефон арқылы тіркелген және ықтимал абоненттерге уақтылы және сапалы қызмет көрсету (кіріс қоңыраулар);

Сату және тұтынушыларды қолдау орталығының (СжТҚО) Call-орталығы операторларына туындаған күрделі/талап-шағымдық мәселелер бойынша кеңес беру;

СжТҚО Call-орталығының операторларын оқытуға және тесттен өкізуге қатысу;

Телефон байланысы арқылы абоненттерді жедел және сапалы техникалық қолдау (техникалық ақауды диагностикалау, зауыттағыдай күйге келтіру, жабдықтар мен антенналарды күйге келтіру жөнінде кеңес беру, қабылдағыштардың бағдарламалық жасақтамасын жаңарту жөнінде кеңес беру, қажет болған жағдайда – жөндеу бригадасының баруына өтінім ресімдеу, кәбілдің үзілуін және АШҚ (аз шуылды құрылғы) жұмысқа жарамсыздығын анықтау жөнінде кеңес беру, қабылдағышты күйге келтіру арқылы қабылдағыштың нақты ID нөмірін тексеру, САМ-модульдері бар жабдықтарды күйге келтіру жөнінде кеңес беру);

Хабар таратудың жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізу. Қандай да бір теле-, радиоарнаны тарату кезінде хабардың таралуы жоқ боп кеткенде және/немесе кедергілер болған жағдайда, ақаудың пайда болу себептерін анықтау және СжТҚО Call-орталығының бастығына хабарлау;

«OTAU» TV жерсеріктік телевизиясы, ЦЭТХТ мәселелері бойынша және жиі кездесетін проблемаларға арналған шешімдермен Call-орталықтың білім базасын толтықтыру және жаңарту;

Өзгерістер мен жаңартулар жөнінде СжТҚО Call-орталығының жұмыскерлерін уақтылы хабардар ету, олардың сақталуын бақылау;

Қоғам қызметтерін сапалы және уақтылы ұсынуға байланысты мәселелерді шешуде Қоғам филиалдарының Сату орталықтарының жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасау;

Абоненттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, Қоғам филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау.

Талаптар:

Маманның телерадио хабарларын тарату саласында немесе мамандығы бойынша жоғары білімі және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі, телерадио хабарларын тарату саласында базалық білімі болуы тиіс.

Клиенттермен телефон арқылы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес.

Телекоммуникация саласындағы жұмыс өтілі, телерадио хабарларын тарату саласындағы базалық білімі болуы тиіс.

1) Lotus Notes электрондық құжатайналымын;

2) құжат айналымы және іс жүргізу негіздерін;

3) осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (Microsoft Office бағдарламалары, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу дағдылары) білуі қажет;

4) мемлекеттік тілді осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті деңгейде меңгерген болуы тиіс;

5) телефон арқылы абоненттермен іскерлік қарым-қатынас техникасын білуі қажет;

6) қазақ, орыс тілдерін білуі қажет.

Жұмыс жағдайлары:

Жұмыс аптасы бес күндік (ауысымдық жұмыс режимі: 2х2, жәй күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін; демалыс және мейрам күндері: 10:00-ден 20:00-ге дейін.)

Жұмысқа келуге-қайтуға көлік бөлінген.

ҚР ЕК сәйкес ресімделеді.

РТС ТРХТ желілерін басқаруды мониторингтеу жөніндегі инженер, Орал қ.

Жалақы 99 100 KZT, салық ұсталғанға дейін.

Міндеттері:

Телерадио хабарларын тарату желісі объектілерін басқару және мониторингтеудің техникалық құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және техникалық пайдалану;

Бекітілген кесте бойынша жұмыс істейтін кезекші (ауысым) персонал жүзеге асыратын РТС жедел-техникалық қызмет көрсету, цифрлық телерадио хабарларын тарату желісінде мониторингтеуді басқару жүйесінің жұмыс істеп тұрғанын қадағалау; басшылықтың талабы бойынша есептілікті жүргізу.

Талаптар:

Жоғары кәсіби (техникалық) білім.

Телекоммуникация және байланыс саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Цифрлық телехабар тарату желісін құрудың негізгі принциптерін меңгерген болуы, TC/IP хаттамаларының стегін, сондай-ақ, IP коммутация негіздерін білуі, деректер ағынын мультиплекстеу технологиясы туралы түсінігі болуы, IP «VoLP» және «xDSL» цифрлық абоненттік желілерінде желілерінде дауыс жіберу технологияларынан хабардар болуы тиіс.

Құпталатын білімдер: өзінің негізгі қызметі бойынша қолданылатын технологиялар, қызмет пайдаланып отырған жабдықтардың техникалық сипаттамалары; өзінің тікелей міндеттерін орындау үшін қолданбалы бағдарламалық жасақтама, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу дағдылары.

Мемлекеттік тілді осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті деңгейде меңгерген болуы тиіс.

Жұмыс жағдайлары:

ҚР ЕК сәйкес ресімделеді.

Ауысымдық жұмыс кестесі.