Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​«Эфирдегі 8 жыл»

Ағымдағы жылдың қазан айында «Новое телевидение» аймақтық телеарнасы 8 жасқа толған туған күнін атап өтті. Телеарна осымен 8 жыл бойы жаңалықтар, интеллектуалдық жобаларды күн сайын жариялап, көрермендерін кинотуындылар, танымал телехикаялар, сонымен қатар өзі өндірген хабарларымен қуантып келеді.

«Новое телевидение» телеарнасы тарихы бастау алған сәттен Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телехабар тарату желісінде Қазақстанның бүкіл аумағында хабар таратқан алғашқы аймақтық телеарнаның бірі болып табылады. Қазіргі уақытта телеарнаны қазақстандық көрермендер цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінде тамашалай алады.

«Қазтелерадио» АҚ «Новое телевидение» телеарнасын төл мерекесімен құттықтап, ары қарай көркейе беруіне тілектестік білдіреді.