Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

"КТК" телеарнасы енді "GALAM TV" қосымшасында

Ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап көптеген қазақстандықтардың сүйікті телеарналары ұялы байланыс қондырғылары және Smart теледидарларында көрсетілетін болды. Бұдан былай "КТК" телеарнасы "GALAM TV" интернет телевизиясы қызметінің телерадиоларналар тізіміне ресми түрде енді. Айта кетерлік жәйт, қазіргі уақытта "Қазтелерадио" АҚ "GALAM TV-ге" қосылған арналар тізімін көбейту мақсатында жұмыс жүргізуде.

"КТК" телеарнасынан бөлек, қазақстандық 24 телеарна мен 10 радиостанция "GALAM TV" қызметінде тегін хабар таратуда.