Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​Баспасөз парағы

2020 жылдың 20 ақпанында бірқатар БАҚ-та заңгер Д.М. Шарипов мырзаға жасалған сілтемемен оның тікелей бастығы «Қазтелерадио» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры А.Б. Ахметов мырза тарапынан оған қол жұмсалған-мыс (тұншықтыру) оқиғасы туралы ақпарат пайда болды.

Осы «оқиға» фактісі бойынша «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен қызметтік тексеру жүргізу және жай-жапсарын анықтау мақсатында тәртіптік комиссия құрылды. Жан-жақты және әділ тексеру жүргізу үшін тәртіптік комиссия тек қана Орталық аппарат (Алматы қ.) жұмыскерлерінен құрылып, олар тез арада Қостанайға жетті. «Оқиғаның» нақты қалай болғанын анықтау үшін куәгерлерден мұқият әрі бейтараптылықпен жауап алынды. Қызметтік тексеру қорытындылары бойынша А.Б. Ахметовтің Д.М. Шариповті тұншықтыру фактісі расталмағаны анықталды.

Осымен бір мезгілде Д.М. Шарипов мырза Қостанай қ. мамандандырылған әкімшілік сотына жүгініп, сот өзінің 03.03.2020 ж. қаулысымен «Қазтелерадио» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры А.Б. Ахметовке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі оның іс-әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауы себепті тоқтатты. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сай, тексеру сәтіндеД.М. Шариповтің денесінде көзге көрінетін қандай да бір зақымдану болмаған.

Өз тарапынан «Қазтелерадио» АҚ қашан да ашық саясат ұстанатындығын және осыған ұқсас істерді жіті тексеріп, қызметкерлердің мүддесін жан-жақты қорғауға дайын екендігін мәлімдейді.