Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Атырау облысының 5 РТС-сында төтенше жағдай уақытында қондырғылар іске қосылды

Атырау облысының 5 РТС-ында тестілік режимде цифрлық эфирлік хабар тарату іске қосылды. Бұл туралы брифинг барысында «Қазтелерадио» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Арон Сабиров хабарлады. Өз сөзінде ол цифрлық эфирлік хабар тарату жабдығын тестілік режимде іске қосу туралы шешім «Балапан» және «ЕлАрна» телеарналарымен халықты барынша көп қамтуды қамтамасыз ету үшін қабылданған.

«Төтенше жағдай кезінде қашықтан оқытуды одан әрі жалғастыру үшін Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 06 сәуірден бастап Атырау облысының 5 радиотелевизиялық станциясында цифрлық эфирлік телехабар тарату жабдығын іске қосу туралы шешім қабылданды. Құлсары қ., Индербор к. мен Миялы, Зинеден, Сафоновка ауылдарының радиотелевизиялық станциялары цифрлық эфирлік хабар таратумен облыстың 47 елді мекенін қамтиды, бұл, шамамен, 123 000 человек», - дейді Арон Сабиров.

Сондай-ақ, сөзінің барысында ол өңір тұрғындары «ЕлАрна» және«Балапан» телеарналарына қолжетімділікті «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телевизия желісі арқылы ала алатынын жеткізді. «Қазтелерадио» АҚ Атырау облысындағы филиалының директорының сөзінше, өңірде «OTAU TV»-ға93 000-нан астам үй шаруашылығы қосылған.

«Бүгінгі таңда Атырау облысында жерсеріктік телевизияның ену деңгейі 74%-ті құрайды.Облыс орталығында «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясына 14 000-нан астам пайдаланушы, ал облыс орталығынан төмен елді мекендерде шамамен 78 000 үй шаруашылығы қосылған», - деп хабарлады филиал директоры.

Сөзінің соңында Арон Сабиров «Қазтелрадио» АҚ іске асырып жатқан интернет-телевизия жобасы туралы әңгімеледі. Ол «GALAM TV» интернет-сервисі 24 отандық телеарна мен 10 радиоарнаны, оның ішінде «ЕлАрна» және «Балапан» телеарналарын қамтитынын атап өтті.

«Мектеп оқушылары «GALAM TV» қосымшасы арқылы және www.galamtv.kz веб-порталында «ЕлАрна» және «Балапан» телеарналарынан бейнесабақтарды қарай алады. Сондай-ақ, карантин кезінде «GALAM TV» интернет сервисі қосымша 20-дан астам телеарнамен толықтырылды, оның ішінде ойын-сауық, танымдық және балаларға арналған телеарналар бар», - деді Арон Сабиров.

«GALAM TV» қосымшасы App Store және PlayMarket-те қолжетімді. Пайдаланушыларға қосымшаны жүктеп, тіркелу қажет. Айта кететін жайт, интернет-сервиске қосылу үшін ешқандай абоненттік төлем алынбайды.