Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

«Қазтелерадио» АҚ Сіздердің Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтайды

«Қазтелерадио» АҚ Сіздердің Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жыл – сүйіспеншілік, жақыныңа ізет білдіріп, өткен өмірге есеп беріп, болашаққа үмітпен зер салатын сәт, жаңа мақсат, қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын отбасылық мейрам. Бұл жарқын мереке жаңа үміт, соны бастамалар және жағымды өзгерістер символы. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жүректеріңізге мейірім, бейбіт заман, молшылық пен сәттілік тілейміз!

Өткен жылды қорытындылайтын болсақ, бір жұдырықтай жұмылып, цифрлық эфирлік телерадиохабар тарату желісіне көшу жобасын аяқтауға жақын қалғанымызды хабарлағымыз келеді. 2020 жылы "Қазтелерадио" АҚ Қазақстанның сегіз облысында 71 радиоетелевизиялық станцияны іске қосты. Осылайша жоспардағы 827 РТС-тің 546-ы қолданысқа енгізіліп, цифрлық эфирлік телехабар сигналы халықтың 91,11 пайызын қамтитын болды.