Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​OTAUTV – сапаны жақсарту үшін бәрі жасалады

Жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісіндегі жабдықтар жаңғыртылды. Бұл туралы Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директор Далмира Шигаева хабарлады. Оның айтуынша, цифрлық телехабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар барысында бұрынғыдан жаңа, заманауи кодтаушы және мультиплекстеуші жабдыққа көшу жұмыстары жүргізілді. Ол кодтаудың жаңа алгоритмдерін қолдану бейнедегі суреттер мен дыбыстардың сапасын едәуір жақсартатынын атап өтті.