Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Алдар Тұңғышбаев өмірден озды

Қазақстан телекоммуникациялар саласының көрнекті тұлғасы Тұңғышбаев Алдар Мұхажанұлы 78 жасында өмірден өткенін қайғыра хабарлаймыз. Оның басшылығымен кеңес жылдары телевизиялық станциялар мен ретрансляторлар, «Экран» қабылдау-жіберу станциялар жүйесі, «Орбита» қабылдау станциялары, «Москва» жерсеріктік телевизиялық станциялар желісі құрылып, дамыды. Алдар Мұхажанұлы көпбағдарламалы телевизиялық және радиохабар таратуды, сондай-ақ, Қазақстанның ауылдық жерлерінде сымды радиохабар тарату желісін кеңейту процесін басқарған.

«Қазтелерадио» АҚ Алдар Тұңғышбаевтың туғандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Дерекекөзі: tengrinews.kz