Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Соңғы жаңалықтар

30.11.21
«Қазтелерадио» АҚ Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды! Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1 желтоқсанда тұңғыш бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Президенті болып жарияланды.
Толығырақ
30.11.21
​2021 жылғы 30 қарашада сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу рәсімі өтті! Аналогтан цифрлық телевизияға көшуден халық кескіні мен дыбысы жоғары сапалы жаңа арналарға қол жеткізе алады.
Толығырақ
09.11.21
Құрметті абоненттер! Сіздерге жанрлық бағытының өзгеруіне байланысты "OTAU TV" жерсеріктік желісі "Тегін" топтамасындағы "Vostok FM" радиоарнасы атауының "Ретро FM Qazaqstan" болып өзгергенін хабарлаймыз.
Толығырақ

Басым бағыттар

Эфирлік цифрлық теле және радио хабар тарату желісін енгізу мен дамыту

Жерсеріктік телерадиохабар тарату ұлттық жүйесін дамыту

Телекөпір мен бейнеаралық өткізу бойынша қызмет ұсыну

Ақылы негіздегі көпбағдарламалық жерсеріктік және эфирлік телеарналар көрсету қызметі бойынша Қазақстанда жетекші орынға шығу

Республиканың бүкіл аумағында техникалық жоғары сапалы теле және радиосигналдың үздіксіз қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету

Мәлімет тарату қызметін ұсыну

Мақсаттар

Қоғам миссиясы Қазақстан халқын республикалық және жергілікті ақпарат көздерімен тең дәрежеде қамтамасыз ету болып табылады.

Миссияны жүзеге асыру – телерадиохабар тарату желісі арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге техникалық жағдай жасаудан құралған. Сонымен қатар, республиканың бүкіл аумағында Қазақстан халқын теле-, радиоарналардың сигналымен үзіліссіз қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар базасында республикалық телерадиохабар тарату желісін сақтап, дамыту да басты міндеттің бірі.


«Қазтелерадио» АҚ қызметінің 2011-2021 жылдарға басым бағыттарын айқындайтын негізгі мақсаттар:

Подробнее