Компания туралы
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жерсеріктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында «Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.
Басым бағыттар:
- Эфирлік цифрлық теле және радио хабар тарату желісін енгізу мен дамыту;
- Жерсеріктік телерадиохабар тарату ұлттық жүйесін дамыту;
- Республиканың бүкіл аумағында техникалық жоғары сапалы теле және радиосигналдың үздіксіз қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
- Мәлімет тарату қызметін ұсыну;
- Телекөпір мен бейнеаралық өткізу бойынша қызмет ұсын у;
- Ақылы негіздегі көпбағдарламалық жерсеріктік және эфирлік телеарналар көрсету қызметі бойынша Қазақстанда жетекші орынға шығу.
Мақсаттар
«Қазтелерадио» АҚ қызметінің 2011-2018 жылдарға басым бағыттарын айқындайтын негізгі мақсаттар:
- Эфирлік цифрлық хабар таратуды енгізу үшін инфрақұрылымды дайындау,
- Тұрғындарды эфирлік цифрлық телеарналармен қамту көлемін 2018-жылға қарай 95 пайызға жеткізу.
- Халықты эфирлік радиохабар таратумен қамту көлемін ұлғайту,
- Телерадиохабар тарату және мәлімет жіберу қызметтерінің тізілімі мен географиялық аумағын кеңейту;
- Республикалық трансляция желісінің сенімділігі мен техникалық сапасын арттыру;
- Аймақтардағы хабар таратуды дамыту.
Тапсырмалар
Жоғарыда атап көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі тапсырмалар анықталды:
- Антенналық-мачталық қондырғылардың көпке төзуін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
- Радиотехникалық жүйелерді электр тоғымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру.
- Телевизиялық және радио хабар тарату құрылғыларына жұмыс істеу үшін нормативтік климаттық жағдай жасау;
- Цифрлық хабар тарату қондырғыларын орнату үшін антенналық-мачталық құрылғыларда өндірістік алаңдар мен орындар дайындау.
- Мемлекеттік телерадиобағдарламаларды бастапқы бөлу жерсеріктік желісін резервтеуді ұйымдастыру.
- Республикада телевизиялық хабар таратуды цифрлық стандартқа көшіру.
- Қуаты аз радио және телехабар тарату стансаларының құрылғыларын орнатуға нормативтік талаптарын орындау үшін жедел типтегі стансаларды алу.
- Қолданыстағы радиотехникалық стансаларға айрықша жоғары жиіліктегі қосымша радио хабар таратқыштарын орнату есебінен мемлекеттік радиохабар тарату бағдарламаларының транслияция желісін кеңейту.
- Ұзын толқын, орташа толқын және қысқа толқын радиоорталықтар (антенналық-мачталық стансаларын қосқанда) инфрақұрылымды модернизациялау.
- Мемлекеттік радио бағдарламаларын ұзын толқынды, орташа толқынды және қысқа толқынды диапазондарында таратуды ұйымдастыру.
- Телерадио хабар тарату құралдарын басқару және мониторинг жасау жүйесін құру.
- Астана қаласында резервтік қабылдаушы-таратушы жерсеріктік стансасын тұрғызу.
- Эфирлік цифрлық хабар тарату жүйесін метрологиялық қамсыздандыру.
- Жаңа буын телевизиялық және радио хабар таратуды іске қосып, ендіруді қамтамасыз ету үшін мамандарды оқыту.
AO "Қазтелерадио контактілері"
Сенім телефоны 8(727) 244-45-00 (вн: 1247)