Scroll to top
ru kz

Телекоммуникациялар саласындағы басты оқиға: CSТВ көрмесіне 29 елдің өкілдері жиналды

Мәскеуде телевизия мен телекоммуникация саласындағы ең бір маңызды форумдардың бірі жұмысын аяқтады. Өзекті мәселелер мен электронды ақпарат құралдарының болашағын талқылау үшін Ресей мен шетелдік жетекші телекомпаниялардың өкілдері осымен 18-ші рет қатарынан бір алаңға жиналды. Қатысушылардың арасында «Қазтелерадио» АҚ уәкілтобы де жаңа, бұрынғы серіктестерімен келіссөздер жүргізіп, көрме қатысушыларымен тәжірибе бөлісті.

Форум бағдарламасы 15 тақырыптық секция мен пікірталастан тұрды, оған 150-ден астам маман-баяндамашы қатысты.Телевизия нарығы қарқынды дамып келеді, әрі шапшаң өзгеріске ұшырап отырады. Оған көз жеткізу үшін Мәскеуде өткен CSТВ көрмесіне барсаңыз жеткілікті. Шара тек телекомпаниялар мен қондырғы өндірушілерінің ғана басын қосқан жоқ, ақылы телевизия, жерсеріктік және ұялы байланыс операторлары да – телеиндустрияның ажырамас бөлігіне айналған. 29 елдің өкілдері – жүздеген қатысушы әлемдік оқиғаларға қарамастан жұрттың қызығушылығын жоғалтпаған адамзаттың басты ойын-сауық құралы – телевизияның даму тенденцияларын талқылады.

Көрме-форумның іскерлік бағдарламасы «Кіріс көлемі төмендеу жағдайында Телевизия және телеком саласында бизнес жүргізудің жаңа үлгісі» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен басталды.

«Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Бахтияр Ошурбаевтың айтуынша, «бұл шара жерсеріктік және интернет телевизияда қызметімізді кеңейтудегі біздің компания үшін маңызды алаң болып табылады. Бұл жолы да контентті жаңарту бойынша жаңа келісімдерге қолжеткізілді, нарықтың жаңа қатысушылармен кездесулер өтіп, жаңа интерактивтік қызметтер туралы білдік».

«Қазтелерадио» АҚ «Бірінші арнаның» «Көпжылдық сәтті әріптестік үшін алғыспен» атты сыйлығына ие болды.

«Біздің компания бұл форумға 5-ші жыл қатарынан қатысып отыр. Бұл тек тәжірибе алмасып қана қоймай, әлемдік тенденциялар,

теле және интернет хабар тарату саласындағы әлемдік тың идеялармен танысудың тамаша мүмкіндігі, 2014 жылдың шілде айында «Қазтелерадио» АҚ «Galam TV» интернет-телевизиясы мен «Телегазета» интерактивтік қызметін іске қосқан болатын. Айта кетерлік бір жәйт, бұл қызметтер үнемі модернизациядан өтіп, жаңартылу үстінде», – дейді «Қазтелерадио» АҚ телерадиокомпаниялармен өзара қарым-қатынас департаментінің директоры Гүлмира Балтабаева.

Ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге қарамастан, телевизияның өзекті мәселелері де жетіп артылады. Жарнама емес, абоненттік төлемақының көмегімен кіріс көзін ұлғайту екінің бірінің қолынан келмейді. Әсіресе қазіргі валюта бағамы тұсында, бұл мәселе де қазақстандық оепарторларды айналып өтпепті.

«Қазтелерадио» АҚ ТВ қызметтерді дамыту департаментінің директоры Асылбек Касиеновтың айтуынша, жаңа технологиялар пайда болғалы бері тұтынушы жай ғана телеарна көрумен шектелмей, өзі қалайтын контент таңдағысы келеді. Сәйкесінше, «VOD» (тапсырыс бойынша бейне), «жанрлық телевизия» секілді жаңа интерактивтік қызметтерді дамыту қажет.

«Телеарналарды тек телеадидарда ғана емес, ұялы қондырғыларда (планшеттер мен телефондар) көрсетуге мүмкіндік беретін ОТТ тұтынушылардың көптеген сұраныстарын қанағаттандыра алады. Әлем мобильді болуда, телевизия да бұл қарқыннан қалып қоймауы керек. «Қазтелерадио» АҚ ресейлік серіктестерімен бірлесе отырып «Galam TV» интернет-телевизия платформасын дайындады. Бірақ біз бір орында тұрып қалмаймыз, тұтынушыларымызды жаңа инновациялық қызметтермен қуанту үшін күн сайын платформамыздың мүмкіндіктерін кеңейтудеміз.

Сонымен қатар, алдағы шетелдік арналарда жарнаманы алып тастау туралы ҚР заңнамасындағы өзгерістерді де қаперден шығармауымыз қажет. Өз кезегінде Қазтелерадио шетелдік телерадиоарналармен бірлесіп, ағымнан жарнаманы кесіп алу (сплайсинг) мүмкіндігін пысықтауда. Мұл мәселені шешу бойынша алдымызда үлкен міндет тұр», – дейді Асылбек Касиенов.

Естеріңізге сала кетсек, CSTB. Telecom-media форумы жерсеріктік қызмет және мультимедиалық технологиялар нарығының жетекші қатысушылары, кабелдік операторлар, интерактивті бейне қызметін өндірушілер мен дистрибьютерлер, жергілікті операторлар мен хабар таратушылардың бас қосатын негізгі алаңқайы болып табылады. Көрмелік экспозиция Ресей мен ТМД елдерінде көпарналық цифрлық телевизия желілерінде хабар тарататын барлық дерлік Ресейлік және шетелдік телеарналардан жасақталды.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *