2016 жылғы 29 шілдедегі («Зерде» ұлттық инфокуммуникациялық холдингі» АҚ) Жалғыз акционердің шешімімен «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі — Тәуелсіз директоры – ретінде Машабаев Азат Еркинович сайланды.
Азат Машабаев 1979 жылы туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, Бремен Мемлекеттік университетінің заң факультеті магистратурасын бітірді. RWE AG, Гамбург қ. (Германия), Ішкі аудиторлардың институтының, Мәскеу (Ресей), ҚМЭБИ және Тәуелсіз директорлар қауымдастығы (Қазақстан) курстарында оқудан өтті. Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының квалификациялық куәліктеріне ие. Ішкі аудиторлардың халықаралық институтының, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бітірушілерінің қауымдастығы кеңесінің, Қазақстандық және Ресейлік тәуелсіз аудиторлардың қауымдастығының мүшесі, сертификатталған тәуелсіз директор.
1999-2001 жылдары «Каспий Банкі» АҚ заңды кеңесші болып жұмыс істеді.
2004-2008 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ әртүрлі құрылымдарында жұмыс істеді, ішкі аудит қызметін, ішкі аудит департаментін басқарды.
2008-2009 жылдары «Самұрық — Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ стратегиялар, корпоративті басқару және активтерді басқару департаментіне басшылық етті.
2009-2010 жылдары «Кателко» АҚ (Алматы) маркетинг бойынша басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2010-2012 жылдары «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – әкімшілі-стратегиялық басқару жөніндегі бас директорының лауазымында жұмыс істеді, сондай-ақ Басқарманың құрамына кірді. Кейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК бас директорының бірінші орынбасары орнын алды.
2012-2014 жылдары ҚР Strategy Partners Group кеңсесінің басшысы болды.
2014-2016 жылдары «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс атқарды.
2016 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақыт арлығында «EASTCOMTRANS» ЖШС бас директорының орынбасары.
Әртүрлі жылдары келесі компаниялардың Директорлары кеңесінің құрамына кірді және тәуелсіз директоры болды: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ, «Қазақ — Тәжік тікелей инвестициялар қоры» АҚ, «Қазақ — Қырғыз тікелей инвестициялар қоры» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ.