Scroll to top
ru kz

Тлешов Тлеужан Темиралиевич «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды

2016 жылғы 29 шілдедегі («Зерде» ұлттық инфокуммуникациялық холдингі» АҚ) Жалғыз акционердің шешімімен «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесші міндеттерін атқарушы Тлешов Тлеужан Темиралиевич сайланды.

Тлеужан Тлешов 1981 жылы туылған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (бұрынғы НАРХОЗ) экономист мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша, «Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту» ҒЗИ РМК аспирантурасын экономикалық ғылымдар кандидаты деңгейін иелене отырып яқтады.

2000-2003 жылдары «АТФ Банк» АҚ несиелеу департаментінде жұмыс істеді.

2003-2010 жылдары «Менің үйім» ЖШС директоры.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің баспасөз — хатшысы болды.

2011-2014 жылдары Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары «Нұрсат» АҚ коммерциялық директоры лауазымында жұмыс атқарды.

2014 жылдары «Отан» АЖЗҚ» АҚ әкімшілік директоры болып жұмыс істеді.

Әртүрлі жылдарда келесі компаниялардың Директорлары кеңесінің құрамына кірді: «Prime Financial Solutions» АҚ, «Отан» АЖЗҚ» АҚ, «Ақтөбе ЖЭС» АҚ, «Самұрық Энерго» АҚ.

Медальдары мен марапаттары: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы ҰҚҚ шекара қызметі Авиациялық базасына 80 жыл» медальдері, Халықаралық экологиялық палатаның Құрметті профессорының дипломы.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *