Scroll to top
ru kz

«OTAU TV» абоненті автокөлік ұтып алды!

Бүгін, 2016 жылдың 07 қазанында жерсеріктік OTAU TV абоненттеріне арналған кезекті акцияның жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті. Акция ережелеріне сәйкес «Толық» арналарының топтамасына — 3 айдан 12 ай мерзімге қосылу қажет болатын. Кездейсоқ сандар генераторы «Random» арқылы бірінші орын және бас жүлде – АВТОКӨЛІК иегері, Алматы облысы, Алақөл ауданы, Жұмахан Балапанов ауылының тұрғыны, жеңімпазымыз Садвакасова Жанар Асылбековна анықталды.

«Бізге автокөлік ұтып алдыңыз деп хабарласқанда, бірден сене қоймадық. Бірақ мұның әзіл емес екенін білгенде біздің қуанышымызда шек болған жоқ! Балармыз да өте қатты қуанды! Өйткені, біз автокөлік сатып алуды жоспарланған болатынбыз, міне бүгін сәттілік бізге бұрылып, біз үйге жап-жаңа автокөлігімізбен аттанатын болдық. Сыйлық үшін OTAU TV-ға үлкен рахмет!» — деп жеңімпазымыз Садвакасова Жанар қуанышымен бөлісті.

Iphone 6 сыйлығын Қызылорда қаласының тұрғыны Досмағанбетов Мұрат иеленсе, үшінші орын тоңазытқыштың иегері Мирманов Алпамыс Джаксылықұлы, Алматы облысы, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының тұрғыны: «Біз OTAU TV абоненті атанғанымызға төртінші жыл, төлемді үнемі бір жылға алға төлеп қоямын. Акция туралы еститінмін, бірақ жеңіске жету мүмкін емес деп ойлайтынмын. Өз тәжірибемде түсінгенім, ұтыс ойындары ешқандай боямасыз өтетіндігіне және оның жеңімпазы болу әбден мүмкін екеніне көзім жетті».

Бұл ұтыс ойыны 2015 жылғы 1 қазаннан бастау алған бірқатар ұтыс ойындары акциясының қорытынсы болды. Осыған дейін ұтыс ойынының екі кезеңі өткізілген болатын: бірінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазына Smart TV теледидары табысталып, ал екінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазы Гоа аралына екі адамға арналған сапарды ұтып алған болатын.

«Бүгінгі күні, OTAU TV жерсеріктік телевизиясын пайдаланушы абоненттер саны 1 миллионнан астам, бұл 4 миллионнан астам отандастарымыз болып табылады. Цифрлық DVB-S2 MPEG-4 формат тарататын Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» хабар тарату желісі еліміздің 100 пайыз территорисын қамтиды, сондай-ақ халықтың бірыңғай кепілдендірілген ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Біз, өз тарапымыздан, тұрақты түрде мазмұн сапасын арттыру мен жақсарту да жұмыс атқарамыз, ол OTAU-TV көрермендеріне теледидар және радио арналарын қарау кезінде арналар тізімінің әр алуан болуы мақсатында. Сонымен қатар, біз әлеуетті және қолданыстағы клиенттерге үнемі акциялар, викториналар мен ұтыс ойындарын өткіземіз. Мысал ретінде, бүгінгі аяқталған АВТОКӨЛІК ұтыс ойыны акциясы секілді. Бұл акция ағымдағы жылдың соңына дйін соңғы емес, сондықтан ақпараттарды қадағалаңыз, біз абоненттерімізді әлі де қуантатын боламыз – деп мәлімдеді «Қазтелерадио» АҚ Коммерциялық директоры Евгений Галкин.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *