13-ші қазан «Қазтелерадио» АҚ басшылығы мен «Дигитион системс» ЖШС өкілдігі арасындакездесу өтті. Кездесу барысында әр түрлі цифрлық хабар таратустандарттарының әлемдік тәжірибесін енгізу және пайдалану мәселесі, сондай-ақ АҚШ пен Еуропа елдерінде таңдалған цифрлық радио хабарын тарату стандарттарының айырмашылығы талқыланды.
«Дигитон системс» ЖШС Бас директоры Сергей Соколов «Қазтелерадио» АҚ басшылығын тәжірибелі ұйымдастыру аймағы Санкт-Петербург қаласындағы радио хабарын таратудың DAB және DRM стандарттары нәтижесімен таныстырды.
Ол өз сөзінде келесілерді атап өтті: «Әлемде аналогты телевизияны цифрлық телевизияға көшірумен салыстырғанда, цифрлық радио хабар таратуға көшу белгілі қиындықтармен өтеді. Қолданыстағы аналогты технологияларды шебер пайдаланған кезінде ғана, тыңдаушыға түпнұсқаға ұқсас сигналды жеткізуге мүмкіндік береді, көпшілік аудиториясының «цифрлық» жақсы деген пікірін қалыптастырады. Қазіргі заманғы цифрлық теледидар «ескі» аналогтық сигнал қабылдаған уақытта біз сапасыз суретті көріп рахаттана қарай алмаймыз, тек төменгі сападағы бейнені көреміз.»
Алайда, сарапшы ретінде, аналогты хабар таратудың өз кемшіліктері бар — қалалық жерлерде құрылыс нысандарына байланысты сигнал қабылдау айтарлықтай кедергілермен жүретіндігі, атап айтқанда «көпсәулелі қабылдау» немесе толық жоғалуы мүмкін. Бұл үлкен қалалардың шешілмейтін мәселесі болып табылады. Екінші мәселе – бір аумақтық аймақта бір жиілікте хабар тарату қабілетінің жоқтығы. Осыған байланысты, радио сигналды нашар қабылдайтын аймақтардың іс жүзінде бар екеніне келісуге тура келеді. Цифрлық хабар тарату жиілік спектрін пайдалануды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, цифрлық хабар тарату жүйесі электр қуатын тұтыну бойынша әлдеқайда тиімді болып табылады, өйткені ол тарату аймағын жабу үшін әлдеқайда аз таратқыштарды және сәулелену қуатының төмен деңгейін қажет етеді.
Кездесуге қатысушылардың пікірінше, бүгінгі күні ірі елді мекендерде халық аналогты радио тарату желісі арқылы сапалы қызмет алуда. Халық аз шоғырланғанелді мекендерде, Республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойындағы және мегаполистегі шарттарға байланысты ұялы байланыс арқылы қабылдау кезінде қиындықтар туындауы немесе мүлдем сигналдың болмауы.
«Қазтелерадио» АҚ стандартты цифрлық хабар таратуды оңтайлы таңдау үшін әлемдік тәжірибені одан әрі пайдалануды жалғастырып, оны Қазақстан Республикасында жүзеге асыру мүмкіндігін әрі қарай жалғастыратын болады.