5 желтоқсан Парламент Мәжілісінде ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен «Үкімет сағаты» болып өтті.
Кездесу барысында отандық хабар тарату, электрондық және баспа БАҚ-тың даму перспективаларын талқыланды.
Сондай-ақ, медиа нарық қатысушыларының көрмесі болып, олардың арасында «Қазтелерадио» АҚ-ның стенді таныстырылды. Министрлік іске асырған жобалардың бірі цифрлық эфирлік телевизия және халық арасында ақпараттық теңсіздікті төмендету болып табылады.
Бүгінгі күні «Қазтелерадио» АҚ тіпті еліміздің облыс және аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан елді мекендеріне сапалы сигнал таратуға мүмкіндік беретін цифрлық радиотелевизиялық стансалар (РТС) іске қосылды, ұлттық жерсеріктік теледидар «OTAU TV» іске қосылды. Сондай-ақ, қазіргі заманғы хабар тарату жабдықтармен жабдықталған 356 РТС, пайдалануға берілді, сандық эфирлік телевизиямен қамту аймағы 76% (3324 елді мекенді) құрайды. Жобаны іске асыру РТС-дің Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтары деңгейінде 30 тегін қазақстандық арналарды, аудандық және ауылдық деңгейде 15 телеарнаға дейін тегін сигнал қабылдауға мүмкіндік берді.