2016 жылдың 11 желтоқсанында ҚР тәелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазтелерадио» АҚ Алматы қаласы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап дельфинлер шоуын тамашалау атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Іс-шара қаланың орталық мәдениет және демалыс саябағында өткізілді. Қызықты және күлкілі жануарлардың қатысуымен өткен шоуымен қатар балалар ақшақар мен «Смурфики» мультфильмі кейіпкерлерінің театрландырылған қойылымын тамашалады.
Балалық шақ – бұл өмірімізідің ең бақытты, қуанышты және бейғам шағы болып табылады. Ал Жаңа жыл қарсаңында әр бала ертегідегідей көңіл күй мен сиқырды қалайды.
Айта кететіні, өткен жылы балалар үйі тәрбиеленушілерінің қатысуымен қарттар үйінің тұрғындарына арнап концерттік, көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылған болатын.
Жетім балаларға қолдау көрсету бойынша іс-шаралардың тұрақты түрде өткізілуі, «Қазтелерадио» АҚ үшін жыл сайынғы дәстүрге айналып отыр.