14 желтоқсан «Қазтелерадио» АҚ қызметінің қорытындысы бойынша Көктөбе телемұнарасында журналистерге арналған баспасөз-турын ұйымдастырды.
-Көктөбе телемұнарасы – кіруге тыйым салынған режимдік нысан, бірақ бұл жолы БАҚ өкілдеріне, ішкі қайта жаңарту жұмыстарын жүргізгеннен кейін мұнараға кіріп көруге мүмкіндік берудеміз.
Сондай-ақ баспасөз-туры аясында баспасөз-конференциясы өткізіліп, «Қазтелерадио» АҚ басшылары өткен жылдың қорытындылары туралы әңгімелеп, 2017 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
— 2016 жылдың наурыз айынан қазан айына дейінгі уақытта компания үлкен жоба қолға алынған болатын. Ол «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясын шетелдік Intelsat-904 ғарыш аппаратынан қазақстандық KazSat-3 жерсерігіне көшіру болатын.
— Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен 1,2 миллионнан астам үй шарушылығы «Otau TV» желісіне қосылған, ал бұл 4 миллионан астам қазақстандық.Ұлттық жерсеріктік телевизияның хабар таратуын отандық ғарыш аппаратына көшіру жұмыстарына әкімшіліктер мен ішкі саясат бөлімдері қызметкерлері жұмылдырылды. Абоненттерді Казсат-3 жерсерігіне ағымдағы жылдың мамыр мен қазан айлары аралығындағы қысқа мерзім ішінде көшіріп үлгердік- деп мәлімдеді «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Хайрушев.
Сондай-ақ, отандық жерсеріктің пайдасына таңдауда экономикалық мақсаттылық бар екенін спикет атап өтті. Отандық жерсерікті жалға алу теңгемен төленеді, хабар тарату операторы, байланыс операторлары шетелдік валюта бағамына тәеулді болмай шығынға ұшырамайды, отандық жерсерікті жалға алған қаражат елімізде қалып еліміздің экономикасының дамуына септігін тигізетін болады.
Іс-шара өткізілген Көктөбе телемұнарасына қатысты Басқарма Төрағасы, ол Алматы қаласы мен жақын елді мекендерді эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етеді және мұнда цифрлық хабар тарату желісін мониторингтеу және негізгі басқару Орталығы орналасқанын атап өтті.
Осы Орталыққа ЦЭТВ барлық желілеріндегі объектілерінен нақты уақыт режиміндегі технологиялық жүйелердің жұмысы туралы деректер келіп түседі. Келіп түскен деректер өңделеді және ақаулар немесе апаттар анықталған жағдайда қалпына келтіру жұмыстары бойынша шешім қабылданып, шаралар қолданылады. Бұл хабар таратудың сапасын арттыруға және штаттан тыс оқиғаларды ескеруге мүмкіндік береді. Хабар тарату сапасын қамтамасыз ету бойынша 2016 жылы OTAU TV жерсеріктік телевизиясы желісінде дыбыс теңестіру мен қазақстандық арналарға 2,4 Мбит\с дейін еркін қолжетімділіктің ақпараттық жылдамдығын кеңейтумен техникалық орталықтар жаңғыртылды,- деп Аскар Хайрушев толықтырды.
Хабар тарату саласындағы ұлттық оператор ретінде «Қазтелерадио» АҚ Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телевизияны енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруда.
2018 жылы жобаның аяқталуына орай 827 радиотелевизиялық станциялар (РТС) салынып, халықтың 95%-ы отандық телеарналарды цифрлық сапада қабылдайтын болады. «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдын Бажикеев өз сөзінде былай деді: Бүгінгі күні қазіргі заманғы хабар тарату жабдықтармен жабдықталған 376 цифрлық РТС салынды. Бұл Қазақстан Республикасы халқының 77,5%-на цифрлық сапада телеарналарды қбылдауға мүмкіндік береді. Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтары деңгейінде 30-ға жуық телеарналар және аудан мен ауылдық деңгейде 15-ке жуық телеарналарды тегін қабылдауға мүмкіндік береді.
Қызметтер Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында толықтай қолжетімді. Аталған облыстарда, уәкілетті орган — Ақпарат және коммуникация министрлігі — кезең-кезеңмен аналогтық хабар таратуды өшіруді қарастыруда. Әрине, «Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңына сәйкес, алты айдан кем емес мерзімде халықты алдын ала хабардар ете отырып, жүзеге асырылатын болады.
Бұл абонентттік жабдықтарға техникалық талаптарды азайтты. Нәтижесінде, қазір цифрлық эфирлік қабылдағыштың орташа нарықтық құны 15000-18000 теңгеден 5000-7000 теңгеге дейін төмендеді. Сонымен қатар, бұл шешім УВЧ-диапазондағы антеннаны қолданатын көптеген теледидарларда «цифрды» қабылдауға мүмкіндік береді. Олар «Қазтелерадио» АҚ эфирлік желіде қолданатын «DVB-Т2» — хабар тарату стандартына ие теледидарлар болып табылады.
Цирлық эфирлік телевизия желісінің құрылысы басталғаннан бұрын 2011 жылы іске қосылған «OTAU TV» жерсеріктік желісі жобасы іске қосылған болатын. Бес жыл ішінде «OTAU TV» абоненттерінің саны 6500-ден 1,2 миллион отбасына дейін өсті. Бұл желіге тұңғыш қосылған абоненттеріміздің бірі, бүгінгі іс-шараға ұйымдастырушылармен арнайы шақырылып отырған — Жулкашев Арман Сапиевич болып табылады.
-Біз бүгінгі қонағымыздыарнайы атап өткіміз келеді. Ол «OTAU TV» іске қосылған 5 жыл ішінде біздің абонентболуды жалғастыруда, арналардың толық топтамасын қолданып, біз өз абоненттерімізге ұсынатын мазмұнның әртүрлілігі туралы өте жақсы біледі. Мен Сізге көпжылдық достығыңыз бен сеніміңіз үшін алғысымды білдіргім келеді, сондай-ақ, Сізге мына теледидарды сыйлауға рұқсат етіңіз. Үйіңіз әрдайым жағымды, жарқын көңіл-күйге, жылулық пен жақсы әзілге толы болсын, — деп іс-шараға қатысып отырған қонақты «Қазтелерадио» АҚ Коммерциялық директоры Евгений Галкин құттықтады.
Компанияның келер жылғы жоспарларымен бөлісе отырып, Евгений Галкин былай деді:
«Алда Қазтелерадионың үлкен жоспарлары бар: олар Қазақстанның 3 облысында 127 цифрлық эфирлік РТС іске қосу, бұл еліміздің 86,9% халқын цифрлық эфирлік телевизиямен қамту. Жерсеріктік «OTAU TV»телевизиясы абоненттеріне жаңа қызметтерді қосу, арналар топтамасына танымал шетелдік арналарды енгізу».