Елбасы Жарлығымен Тілдер күні 22 қыркүйектеатап өтіледі. Бұл мейрам – Қазақстанның барлық азаматтарының достығы, бауырластығы мен бірлігінің белгісі. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – еліміздің нық тірегі. Қазақстан Республикасы әр азаматының өз ана тілін қолдануға, қатынас, тәрбие, оқу мен шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқы тілдерін оқытуға және дамытуға жағдай жасап отыр.
Сіздердің әрқайсысыңызға өз ана тілдеріңізді игеруде сәттіліктер тілейміз, әр адам ана тілін жақсы әрі терең меңгеруі тиіс.