Scroll to top
ru kz

Заңды тұлғаларға хабарлама

«Қазтелерадио» АҚ Оператормен «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасқан абоненттерге-заңды тұлғаларға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметтерді көрсету шарттарының өзгергені туралы, нақтырақ айтқанда, жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың ақылы қызметтерін көрсету (бұдан әрі – Ақылы қызметтер) тоқтатылғанын хабарлайды. «Тегін» топтамасы аясындағы қызметтерді көрсету өзгеріссіз жалғаса беретін болады.

«Қазтелерадио» АҚ (бұдан әрі – Оператор) мен «TV Commerce» ЖШС (бұдан әрі – Компания) арасындағы Шарттың негізінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Оператордың абоненттері (бұдан әрі – Абоненттер) Ақылы жерсеріктік телевизия қызметтерін Абоненттерде бұрыннан бар жабдықтарды пайдалана отырып, Компаниядан ала алады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Ақылы қызметтерді алу үшін Оператормен қолданыстағы Шарты бар Абоненттер 2017 жылғы 25 желтоқсанға дейін Шартқа Ақылы қызметтерді көрсету бойынша құқықтар мен міндеттерді Оператордан Компанияға беру жөніндегі, оның ішінде 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Абонент алғытөлем төлеген болса, ол соманы қоса беру туралы үш жақты қосымша келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойып, Операторға жіберулері қажет. Оператор мен Компания тарапынан қол қойылған Келісім Абоненттің қол қоюы үшін Абоненттің мекенжайына 2017 жылғы 15 желтоқсанға дейін жіберіледі.

2017 жылғы 25 желтоқсанға дейін Келісімге қол қойып, Операторға жіберген Абоненттер 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Шарт талаптарына сәйкес Компаниядан Ақылы қызметтер алатын болады. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілетін телеарналар топтамасының құрамын Компания өз бетінше анықтайды.

Келісімге қол қоймаған, сонысымен Шарт талаптарының өзгерістерімен келіспеген Абоненттерге 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Ақылы қызметтерді көрсету тоқтатылады.

Шарттың әрекет ету мерзімі біткен Абоненттерге Ақылы қызметтер алуды одан әрі жалғастыру үшін Компаниямен жаңа Шарт жасасу керек болады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Ақылы қызметтерге төленетін төлемдерді Компанияның Келісімде көрсетілген банктік есепшотына төлеу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша:

Өңірлік сату орталықтарына,

«OTAU TV» Call-орталығына, 193, +7 (727) 2-581-500,

«TV Commerce» ЖШС Call-орталығына, 4343, +7 (727) 333-0-444 хабарласуға болады.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *