Scroll to top
ru kz

«Қазақ радиосы» Қазақстан өңірлерінде қолжетімді

«Қазтелерадио» АҚ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының 12 радиотелевизиялық станциясында жаңа радиотаратқыштар орнатты. Бұл жоба халықты радиохабар таратумен қамтуды кеңейту жөніндегі іс-шаралар аясында іске асырылды.

Есік қаласында қуаты200 Втболатын радиотаратқыш орнатылды. Енді қала халқы мен оған жақын орналасқан ауылдары FM-диапазода 104,4 МГц жиілікте «Қазақ радиосын» тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, осындай радиотаратқыштар Алматы облысының Сүмбе және Қорғас сияқты ауылдарына да қойылды, қойылған таратқыштардың әрқайсысының қуаты 50 Вт құрайды. Енді бұл елді мекендердің тұрғындарына «Қазақ радиосы» тиісінше 100,7 және 100,4 МГц жиіліктерде қолжетімді. Текелі қаласында — 101,6 МГц жиілікте, таратқыштың қуаты- 500 Вт. Балпық би ауылында — 98,4 МГц жиілікте, таратқыштың қуаты — 100 Вт, бұл ретте бвалпық бидегі тартқыштың қамту аймағына 10-нан аса елді мекен кіреді, ал Қызылағаш кентінде — 104,6 МГц жиілікте, таратқыш қуаты — 50 Вт. Қызылағаштан қамтылатын аймақта 2 елді мекен бар: Көлтабан және Заречное ауылдары. Барлығы Алматы облысында жалпы саны 100 000-нан астам адамды қамтитын5 радиотаратқыш орнатылған.

Шығыс Қазақстан облысында радиотаратқыш Үржар ауылында орнатылған. Жаңа таратқыштың қуаты 100 Вт, ол көрситілген елді мекенді толығымен қамтуға мүмкіндік береді. 17 000-нан астам жергілікті тұрғын «Қазақ радиосын»FM-диапазонда101,9 МГцжиілікте тыңдай алады.

Түркістан облысында 5 таратқыш орнатылды. Арыс қаласында 107,3 МГц және 102,4 МГц жиіліктерде қолжетімді, Састобе елді мекенінде — 104,3 жиілікте, Шардара қаласында — 106,7 МГц жиілікте, Манкент елді мекенінде — 102,0 МГц және «Кентау» қалаларында — 103,3 МГц жиіліктерде қолжетімді. Түркістан аймағында республикалық радиохабар тарату аймағы 86 елді мекенді қамтиды, олардың жалпы саны шамамен 320 мың адам.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *