Scroll to top
ru kz

​Телевизияның балаларымызға әсері

Үйде жалғыз қалу! Бұл Жаңа жылда көрсетілетін көңілді фильмнің аты емес, бұл – біздің балаларымыздың күнделікті өмірі. Ата-аналары жұмыста, ал балалар, «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ», өздерімен өздері, нақтырақ айтсақ, өздерімен өздері емес, олар – біз үйімізге кіргізіп алған бұқаралық ақпарат құралдарының қолында. Және, әрине, қазіргі заманғы телевизия «бала күтуші» рөлін оп-оңай атқарады. «Теледидар-күтуші» баланы экранға жіпсіз-ақ байлайды, бұл жерде, былай қарасаңыз, қорқатын ештеңе жоқ сияқты, әр ата-ананың арманы осы емес пе – бала үйде, іші пыспайды, қауіпті ештеңемен айналысып жатқан жоқ – алаңсыз жұмысқа кете беруге болады.

Бірақ, баланың сыртынан есікті құлыптауға, яғни оны теледидармен оңаша қалдыруға асықпайық. Қанеки, жоғарыда ойлағанымыздай, балаларымыз үнемі қауіпсіз жағдайда ма, соның басын ашып алайық…

Мәселені қарапайым сұрақтан бастайық: «Балалар теледидар қарағанды неге жақсы көреді»?

Психологтар бұл фактіні былай дәлелдейді: экрандағы кескін баланың назарын шынайы өмірден аударып әкетеді дейді. Мысалы, кинотеатрға барғанда бала экрандағы оқиғаның ойдан құрастырылғанына толықтай есеп бере алатындай жағдайда болғанымен, үйде ол жаңа ақпаратты өзіне үйреншікті ортада отырып алады. Дәл осы жағдай баланың миын шатастырып, экранда болып жатқан іс-әрекетті шынайы өмір ретінде қабылдауға мәжбүрлейді.

Көптеген телевизиялық арналар ақпаратты сүзгіден өткізбейді, көрерменді жіктемейді, яғни қандай да бір хабарды көруге кімге болады, кімге болмайды деген мәселемен айналыспайды. Балаларға арналған хабардан кейін жаңалықтар топтамасы, одан кейін зорлық-зомбылық сахналанған атыс-шабыс фильм, артынша көрмесіңе қоймайтын жабысқақ, бірақ кейде балаға түсініксіз жарнама болуы мүмкін. Жаңалықтар блогына әрқайсысы алпыс секундқа ғана созылатын жиырмаға дейін сюжет кіруі кәдік. Яғни оны көрген кішкентай көременнің көргенін әрі көре отырып сезінгенін саралап, түйсініп жататын уақыты жоқ. Ол өзіне түсініктісі, түсініксізі бар ақпараттың астында қалады, олардың әрқайсысын санасына жеткізіп үлгермейтіндіктен, бала оларды қабылдай да алмайды. Осылайша балаларда назарын жинақтаудың жетіспеушілігі пайда болады, ал оның жемісін біз мектепте оқу басталғанда көреміз. Ондай балалар ойын жинақтауға, айналадағы болып жатқанды түсінуге келгенде қиналады.

Баланы басып қалған ақпараттар тасқыны түнге қарай баланың әлі бекімеген бейсанасына шөгіп, психикасына зиянын тигізеді. Сондай-ақ, баланың басына керек ақпарат ағынының орнығуына кедергі келтіреді. Керек ақпарат дегеніміз – өмірде қажет болуы мүмкін бүкіл тәжірибе: ата-анаға деген қарым-қатынас, қатарластарымен араласуы, өз жасындағы баланың қарапайым дағдылары.

Сөз жоқ, балаларға өздеріне лайықты телевизиялық арнаны таңдауда сіздердің көмектеріңіз керек екенін түсіну үшін психология профессоры болу міндетті емес. Оның үстіне ондай телеарна бар!

«Балапан» телеарнасы 2010 жылы хабар таратуды бастап, табысты дамып келеді.

Отандық өндіруші еліміздің кішкентай азаматтарының мәдени салт-дәстүрлер мен тарихқа сәйкес дамуына, салауатты ұстанымдарының қалыптасуына мүдделі.

«Балапан» телеарнасы миллиондаған баланың сүйікті арнасына айналды. Арнада кішкентай тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған хабарлар мұқият таңдалады. Солардың көмегімен бала мәдениепен, тарихпен танысады, туған тілін, туған мәдениетін жақсырақ түсінуге үйренеді, табиғат әлемі мен ғылыми жаңалықтар әлемін ашады. Балаларға арналғанхабарлар логика мен қалыптан тыс ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі. Телеарнада көптеген зияткерлік, әзіл-сықақ және спорттық хабарлар бар.

Жұмыс істей бастаған сегіз жыл ішінде телеарна балаларға арналған үш жүзден аса телевизиялық жобаларды өмірге әкеліп, әсіресе ғылыми-танымдық бағдарламалар жасауға көп көңіл бөлді. Жас көреремендердің IT технологиялар мен ғылыми тәжірибелер әлеміне бойлауына мүмкіндік зор. Арнадағы көп хабарлар балаға социумда бой үйретуге көмектесуге, күрделі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін көрсетуге құрылған, бұл оның қоғамда сәтті әлеуметтенуіне, яғни айналадағы адамдармен түрлі жағдайларда еркін қарым-қатынасқа түсуіне жол ашады. Телеарнада балалардың өздері жүргізетін бағдарламалар көп әрі олар жас көрермендердің ерекше ықыласына ие.

Бүгінгі таңда «Балапан» арнасы «Цифрлық эфирлік телевизия» мемлекеттік жобасы шеңберінде қолжетімді мемлекеттік телеарналар топтамасына кіргізілген. Цифрлық хабар таратуға көшумен байланысты «Балапан» отбасылық әрі ойын-сауықтық «Балапан» телеарнасы енді үлкен қалалар мен аудан орталықтарында ғана емес, шалғай ауылдарда да қолжетімді.

Ендігі жерде, жұмысқа кетіп бара жатып, үйде балаңыз үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістік қамтамасыз етілгеніне сенімді бола аласыз. Ал «Балапан» арнасындағы хабарларды балаңызбен бірлесіп көру олармен талқылауға болатын жаңа әрі қызықты тақырыптарды ашары сөзсіз. Өмір гүлі – балаларымыз ақылды әрі бақытты болып ержетсін.

Егер өз өңіріңіздегі цифрлық хабар таратуға көшу туралы сұрақтарыңыз бар болса, «Қазақстан телевизиясын цифрландыру» жобасы туралы https://tsetv.kz сайтынан толығырақ мәлімет алыңыз.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *