Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті теле- және радиоарналардың жаңа тізімі бекітілді. Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес, 12-бабының 2-тармағы «Көп арналы эфирге таратуға байланысты міндетті теле- және радиоарналардың тізімі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде қалыптастырылады», 3-баптың 3-тармағында «конкурс өткізу туралы шешім міндетті теле- және радиоарналардың тізбесін қалыптастыру туралы уәкілетті орган қабылдайды. Бұл шешім ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның Интернет-сайтында жарияланады».