Scroll to top
ru kz

​Назар аударыңыздар! Алаяқтық деректері анықталды

Қазақстан аумақтарында цифрлық телехабар қабылдағыштарын сатуға қатысты алаяқтық жағдайлары тіркелді. Бірқатар азаматтардың хабарлауы бойынша, тұрғындардың үйлеріне «Қазтелерадио» АҚ қызметкері/авторластырылған дилерміз деп таныстырған бейтаныс адамдар цифрлық телевизия қондырғысын сатып алуды ұсынған. Лақап дилерлер дәл қазір қабылдағыштар жоқ деген желеумен, соңыра алып келуге уәде беріп,«Қазтелерадио» АҚ call-орталығының телефонын қалдырып, ақша алып тайып тұрған.

«Қазтелерадио» АҚ компания қызметкерлерінің қондырғы сатпайтынын ресми түрде жариялайды. Цифрлық эфирлік және жерсеріктік телевизияны дамыту жобасын жүзеге асыру жұмыстары аясында, лицензияланған авторластырылған дилерлер тек қана азаматтардың сұранымы бойынша, қызметті қосу үшін ресми бланкке жарияланған келісім шарт/дербес есепшотпен бірге абоненттердің үйіне келуі мүмкін. Басқа жағдайларда, тиісті құжаттары жоқ бейтаныс адамдарды үйге кіргізбеулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар, қабылдағышты алмай тұрып ешкімге ақшаны бермеуіңізді өтінеміз.

Естеріңізге сала кетейік, цифрлық жерсеріктік және эфирлік телевизия қабылдағыштары еліміздегі тұрмыстық техника дүкендері мен басқа да сату орталықтарында сатылымға бар, олардың мекенжайларын www.tsetv.kz және www.otautv.kz сайттарынан таба аласыз.

Мұндай оқиғалар қайталанған жағдайда алаяқтық дерегі бойынша 102-ге немесе 193, +7 727 2581500 телефондары арқылы біздің call-орталыққа хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *