Scroll to top
ru kz

Қазақстанда РТС жартысынан астамы салынды, жаңғыртылды және пайдалануға енгізілді

Қазақстанның аналогты телехабар таратудан цифрлық хабар таратуға көшуі жоспар бойынша жүріп жатыр. Биыл телебағдарламаларды жаңа сапада көру мүмкіндігіне еліміздің бірден үш облысы: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары ие болды. Бұрын аналогты сигнал Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы тұрғындарының үй-пәтерлерінен жоғалған болатын. Айта кетерлігі, бір ғана аудан цифрландыруға бір қадам жақындауы үшін «Қазтелерадио» АҚ операторлары, техниктері мен бағдарламашылары орасан зор жұмыс атқарады. Мысалға, Алматы облысы бойынша өшірілетін аналогты телевизиялық таратқыштар саны – 220-ға, Қостанай облысы бойынша – 326-ға және Павлодар облысы бойынша 175-ке жетті. Жинақтап келгенде, қазіргі сәтте халықтың 91%-ынан астамы немесе шамамен 14 миллион қазақстандық цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылған.

Өңірлердің цифрлық телехабар таратуға көшуі барысындағы міндет – цифрлық радиотелевизиялық станциялармен елді мекендерді барынша көбірек қамту. Мысалы, Алматы облысында 90 цифрлық станция саны біржарым миллионнан астам адам тұратын 736 елді мекенді сигналмен қамтамасыз етеді. Қостанай облысының миллионға жуық халқы 59 цифрлық РТС-тың арқасында цифрлық сигнал алады, 59 РТС 627 елді мекенді қамтиды, ал Павлодар облысында ЦЭТХТ 750 мыңнан астам адам тұратын үйлерге жеткізілді, бұл үшін 29 цифрлық радиотелевизиялық станция жұмыс істеп тұр.

Өңірлерде тұратын, теледидарлары ескі пішімдегі, ЦЭТХТ сигналын қабылдамайтын тұрғындар үшін жаңа сигналды ескі теледидарларға «сәйкестендіруге» көмектесетін қабылдағыштарды сату қарастырылған. Шынына келгенде, бұл өте оңай әрі соншама көп қаржыны қажет етпейді. Оның үстіне дүрлікпе тудыртып, жалғама құралға бағаның қолдан өсіп кетпеуі үшін бұл мәселе алдын-ала ойластырылды, цифрлық хабар таратуға көшетін өңірлерге сатылымға қабылдағыштар алдын ала апарылды. Жалғама құрал клиенттік жабдықты сатып алудың арнайы ұйымдастырылған нүктелерінде сатуға шығарылды. Алматы облысында сатылым 112 нүктеде жүргізіліп, тұрғындар қабылдағышты бірлігіне 3 мың теңгеден сатып ала алды. Қостанай және Павлодар облысының тұрғындарына қабылдағыш 3,5 мың теңгеге шықты. Осы өңірлерде тиісінше 42 және 49 сату нүктесі ұйымдастырылды. Сату орындары туралы ақпаратты TSETV.kz сайтынан алуға болады.

Десек те, ең бастысы, халықтың барлық тобына бірдей сапалы телевизияға қолжетімділікті қамтамасыз ету болса керек. Алғаш рет атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде Алматы облысында – 2342, Қостанай облысында 687 табысы аз отбасыны ЦЭТХТ-ға қосу қамтамасыз етілді, Маңғыстау облысында абоненттерге – 1900, Жамбыл облысында – 8975, Шымкентте 1125 қабылдағыш берілді және ең көп – 27509 тегін қабылдағышқа ие болған Түркістан облысының тұрғындары болды.

Ал цифрлық эфирлік телевизияға көшудің өзі бюджет үшін қымбат әрі күрделі үдеріс. Аналогты телевизияның жабдығы өте ескі, оған, ең берісі, қажетті қосалқы бөлшекті де таппайсың. Ал жаңа заманғы жабдық жөндеуді керек етпейді, бірақ оны орнату қомақты қаржыны талап етеді. Есесіне, оған қызмет көрсету, оны жөндеу мен басқару өте оңай. Цифрлық қабылдағыштың жұмыс істеуі үшін оған сигналды қабылдау аймағын ұлғайтқанға арнайы діңгек қажет. Зады, цифрлық хабар таратуға көшудің техникалық кезеңдерінің мамандар үшін ең күрделісі еліміздің жолы күрделі, жету қиынтүкпірлерінде радиотелевизиялық станциялар салу мен жаңғырту болған шығар.

Аналогты хабар таратудан цифрлық хабар таратуға көшу жұмыстары қатаң түрде жоспар бойынша жүріп жатыр. Биыл, жоспардағыдай, Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарында жаңа заманғы эфирлік хабар таратуға толық көшу жүзеге асырылды. Ал 2021 жылдың аяғына дейін хабар таратудың жаңа пішіміне қалған облыстар көшсе, халықты қамту 98,3%-ды құрайтын болады.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *