Scroll to top
ru kz

Аналогтық және цифрлық хабар таратудың айырмашылығы, цифрдың артықшылығы неде?

Бүгінде теледидар өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналған. Күн сайын миллиондаған адам сүйікті телебағдарлаламалар, сериал мен фильмдерін тамашалап, рахатқа батуда. Алайда телевизиялық бейне мен дыбыстың теледидарға дейін қалай жеткізілетіні туралы екінің бірі біле бермейді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда эфирлік хабар таратудың екі түрі бар, бұл аналогтық және цифрлық. Бүгінгі таңда цифрлық сигналмен қамту деңгейі халықтың 83,93 пайызын құрайды. Бұл шамамен 13,4 миллион қазақстандық.

Аналогтық және цифрлық телехабар тарату дегеніміз не?

Аналогтық эфирлік хабар тарату – бейне мен дыбысты тарату үшін үзілмейтін сигнал қолданылатын телевизиялық жүйе. Бірақ бүгінде аналогтық желі ескірген деп есептеледі, оның негізгі кемшіліктерінің бірі – арнаның осалдығы, бұл кедергілерге, бейне мен дыбыс сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады.

Аналогтық және цифрлық хабар тарату туралы толығырақ білу үшін біз «Көктөбе» телемұнарасына бардық. Ең алдымен «аналогтық қондырғының аппараттық залына» бас сұқтық.

Аналогтық телехабар тарату желісі бойынша телеарналарды ретрансляциялау үшін бір таратқыш пен бір жиілік қолданылады.

Телеарналарды ретрансляциялау үшін сигналды қосу көпіріне беретін фидерлік қондырғылар желісі қолданылады.

Қосу көпірі – үш телеарнаның сигналын біріктіріп, оларды ретрансляциялайтын бір антеннаға таратады.

Аналогтық эфирлік хабар тарату желісі үздіксіз жұмыс істеп тұру үшін бақылауды басқару кабинасында үнемі желіні мониторингтеу инженері кезекшілікте болады. Мамандар барлық жүйенің тоқтаусыз жұмыс істеп тұруын қадағалайды. Ақау пайда болып, немесе сигналды тарату үзілген жағдайда мамандар телерадиобағдарламалар сигналын қосу үшін резервтік қуат көздерін қолмен қосады.

Өз кезегінде, цифрлық телевизия бейне- және аудиосигналды транслятордан теледидарға дейін цифрлық кодтау мен мәліметтерді сығуды қолдану арқылы жеткізеді. Телевизияның бұл түрі анағұрлым сапалы бейне мен дыбыспен ерекшеленеді.

Цифрлық сигнал бір жиілікті қолдана отырып, көп мөлшерде телеарнаны таратуға мүмкіндік береді. Бір мультиплекстік қондырғының көмегімен 15 шақты телеарна ретрансляциялана алады. Республикалық маңыздағы қалалар мен облыс орталықтарында екі мультиплекстен іске қосылған, ал облыс орталығынан төмен елді мекендерде 1 мультиплекс жұмыс істеп тұр.

Цифрлық эфирлік желіде телевизиялық сигналды тарату үрдісі толығымен автоматтандырылған. Сигналды қабылдау телесигналдың негізгі көзі болып табылатын Kazsat-3 ғарыш аппаратының көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, резервтік Kazsat-2 ғарыш аппараты да жұмыс істейді.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *