Scroll to top
ru kz

​XXI ғасыр қаһармандары – олар кімдер?

Қазіргі заман қаһарманы қандай? Біз өз-өзін құрбандыққа шалу, ерлік жасау, қиын сәтте басқа жанға бірден қол ұшын созуға дайын адамдарды қаһарман деп атауға үйреніп кеткенбіз. Өкінішке орай, жұртшылықтың көбі күн сайын сондай ержүрек жандардың қатары сиреп бара жатыр деген пікірді ұстанады. Жаңалықтардан отандастарымыздың батырлығы туралы ақпаратты да сирек естиміз. Алайда, ел халқының күн сайын сүйікті телеарналарын көруі үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын екінің бірі біле бермейді.
Алматы облысындағы тауда 2500 метр биіктікте жетуі қиын шалғай жерде «Үлкен Шаған» радиотелевизиялық станциясы орналасқан. «Қазтелерадио» АҚ үш адамнан тұратын кезекшілік мамандар тобы радиотелевизиялық станцияның үзіліссіз жұмыс істеп тұруын қадағалап отырады.

Мамандардың таңы РТС жұмысын қамтамасыз ететін қондырғыларға диагностика жасаумен басталады.

Инженерлер үнемі РТС қуат беру жүйесінің жұмысын қадағалап отырады. Сигналдың жоғалуы немесе нашарлауына әкеп соқтыратын күтпеген оқиғалар бола қалған жағдайда мамандар ақауды жою үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

Антенна-фидерлік қондырғыны біріктіретін түйіннің температурасын тексеру телерадиоканалдардың жоғары жиіліктік сигналын эфирге жіберу үшін бағытталған.

Цифрлық эфирлік хабар таратқышының сапалы көрсеткіштерін тексеру.

Таратқыш қондырғының жұмыс тәртібін бақылау, телерадиокомпаниялардың шығу және кіру сигналы деңгейін мониторингтеу.

Жерсеріктен келетін сигналдың жоғалуы немесе нашарлауына жол бермеу мақсатында Қоғам қызметкерлері қабылдағыш жерсеріктік антенналарын үнемі қардан тазалап тұрады.

2019 жылдың жазында Алматы облысы толығымен цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшті. Аймақта аналогтық телехабар тарату жүйесі өшірілді. Үлкен Шаған РТС қамту аумағына Алматы облысының 146 елді мекені енеді, ал бұл 300 мыңнан астам қазақстандық деген сөз.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *