Scroll to top
ru kz

​«Қазтелерадио» АҚ Қостанай филиалында болған оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі

2020 жылдың 20 ақпанында бірқатар БАҚ-да «Қазтелерадио» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры мен заңгерінің арасында қақтығыс болды деген ақпарат жарияланған болатын.

Бұл дерек бойынша «Қазтелерадио» АҚ-ның Орталық аппаратынан «Қостанай облыстық радио, телехабар тарату» дирекциясына тәртіптік комиссия аттанды. Комиссия Басқарма Төрағасының бұйрығымен, қызметтік тексеріс жүргізіп, оқиғаның анық-қанығын жан-жақты, объективті түрде анықтау үшін құрылған. Қызметтік тексерістің нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданып, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес Қоғам филиалы жұмыскерлерінің іс-әрекеттеріне баға беріледі. Тексеріс нәтижесі туралы қосымша хабарланады.

«Қазтелерадио» АҚ БАҚ өкілдерінен оқиғаны ушықтырмау үшін, Қоғам ұжымында шиеленіскен жағдай тууына жол бермей, сондай-ақ компанияның атақ-абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірмеуі мақсатында расталмаған, негізі жоқ ақпараттың ары қарай таратылуына жол бермеуін сұрайды.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *