Scroll to top
ru kz

​Көгілдір экранның жаңа сапасы

Қазақстанда аналогты телевизияның орнына цифрлық телевизия келеді. Бұл дегеніміз, Қазақстан тұрғындары біртіндеп телехабар таратудың әлемдік деңгейіне көшеді деген сөз. Цифрлық эфирлік телехабар тарату аналогты телевизияға қарағанда көптеген артықшылықтарға ие. Негізгі жақсартулардың бірі қосылудың қарапайымдылығы, қолжетімді телеарналар санының артуы, кедергілер мен абоненттік төлемнің толық болмауы болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқының 86%-дан астамы цифрлық телехабар таратуға қол жеткізе алады. Мысалы, бұрын Түркістан облысының шалғайдағы ауыл тұрғындары 1-2 қазақстандық телеарнаны көре алған болса, ал кейде тіпті Өзбекстан ТВ сигналын «қабылдаған» болса, қазір оларға шамамен 15 телеарна қолжетімді.

Бүкіл ел бойынша көруге болатын алғашқы мультиплекске «QAZAQSTAN», «Хабар», «Хабар24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА»,«QAZSPORT»,«Kazakh TV», «Первый канал Евразия» сияқты Қазақстанның ірі телеарналары және бір өңірлік телеарна кіреді. Екіншісіне хабар таратуы міндетті түрде бүкіл Қазақстан аумағына таралмайтын, бірақ географиялық аймақтарды қамтитын телеарналар кіруі мүмкін.

Бұл ретте, цифрлық телехабар таратуға толық көшкеннен кейін, белгіленген тарифтер бойынша шарт негізінде елдің кез келген телеарнасы мультиплексқе кіре алады. Олар ҚР «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңымен келісілген, 42-бап, 4-тармақ: Комиссияның ұсынымы бойынша телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телерадио арналарының тізбесін қалыптастыру. Іріктеу конкурс негізінде жүзеге асырылады, оның тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Яғни, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. Бұл туралы ақпарат https://tsetv.kz/сайтына шығады. Келесі кезең – конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау бойынша ұсыныстар енгізу, оны Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Одан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына сәйкес конкурс өткізіледі.

Комиссия мүшелері мультиплекстің әлеуетті мүшелерінің өтінімдерін қарағанда не нәрсеге назар аударады? Үміткер шығармашылық өтінім ұсынады: теле-, радиоарнаның хабар тарату торы, тақырыптық бағыттылығы мен жанрлық арақатынасын сипаттайды, бұл ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық, жастар мен балалар, музыкалық бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар болуы мүмкін. Хабар таратудың тілдік қатынасына, бағдарламаларды мемлекеттік тілде трансляциялау уақытына ерекше назар аударылады, сондай-ақ, жеке бағдарламалар мен сатып алынған контенттің санын көрсетеді. Сонымен қатар, үміткер арна төлем қабілеттілігін және сапалы мазмұнды тұрақты негізде шығару мүмкіндігін дәлелдеуі керек. Мультиплекстерде болу үшін телеарналар ай сайын жалдау ақысын төлейді, есесіне өз сигналын нақты сапада және елдің үлкен аумағында беру мүмкіндігін алады.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *