Scroll to top
ru kz

​Тағы 5 РТС қолданысқа енгізілді

Қазақстандықтардың 90,96 пайызы цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінің сигналымен қамтылды. Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қарағанды облысында 5 радиотелевизиялық станция қолданысқа енгізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде цифрлық телехабар тарату желісі 38 елді мекен тұрғындарына қолжетімді болды, ал бұл 30 мыңнан астам тұрғын.

Бүгінде «Ералиев», «Түгіскен», «Ұлытау», «К.Мыңбаев» және «Мойынты» радиотелевизиялық станцияларында құрылыс жұмыстары толығымен тоқтатылып, цифрлық эфирлік телехабар таратыла бастады. Естеріңізге сала кетсек, биыл қараша айының басында өңірде тағы 11 РТС қосылған болатын, ол кезде ЦЭТВ-ға 40 мың адам қол жеткізген еді. Сонымен қатар, жылдың соңына дейін облыста тағы 3 РТС қосылады деп жоспарланған.

Цифрлық эфирлік телехабар тарату желсін енгізу жобасын Қазақстанда 2022 жылы аяқтау көзделуде. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін барлығы 827 станция тұрғызылып, модернизациядан өткізу қажет, қазіргі уақытта оның 543-і қолданысқа енгізілді.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *