Scroll to top
ru kz

Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі Қарағанды облысының 26 мың тұрғынына қолжетімді болды

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды облысында тағы 3 радиотелевизиялық станция қоллданысқа енгізілді. Бұл РТС-тер 21 елді мекенді қамтиды. Осылайша, Қарағанды облысының 26 мың тұрғыны 2021-ші жаңа жылды отандық телеарналарды цифрлық сапада тамашалап қарсы алатын болды. «Қарағайлы» РТС 18 мыңнан астам тұрғыны бар 14 елі мекенді қамтыса, «Ақсу-Аюлы» РТС алты елді мекенге ЦЭТВ сигналын таратады, «Жалынды» РТС-і мың шақты тұрғыны бар бір елді мекенді қамтиды.

Қазақстанда цифрлық эфирлік телехабар тарату желсіне көшу үрдісі аяқталуғаға жақын қалды.2022 жылға қарай республика халқының кем дегенде 98 пайызын цифрлық эфирлік телеизиямен қамту көзделген. Соңғы жылдары қазақстандықтардың басым көпшілігі отандық телеарналарды абоненттік төлемсіз цифрлық сапада тамашалауға мүмкіндік алды. Енді ірі қала тұрғындары 30 шақты телеарнаны, ал ауыл тұрғындары 15-ке тарта телеарнаны қарай алады.

Атқарылған жұмыстар нәтиіжесінде 2020-жылдың соңындағы жағдай бойынша, цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінің қамту аумағы ел халқының 91,77 пайызына жетті. Барлығы 827 РТС-тің 546 қолданысқа енгізілді.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *