Биылғы 21 наурыздан цифрлық эфирлік телевизия мен жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желілерінде жаңа «Turkistan» телеарнасы хабар тарата бастайды.
Телеарна 3 тілде хабар таратады: контенттің 70%-і – мемлекеттік тілде, 20%-і – орыс тілінде және 10%-і – түрік тілінде. Телеарна эфирінде түркі елдерінің саяси-экономикалық байланыстарын насихаттайтын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттайтын ақпараттық-танымдық бағдарламалар болады.
Болашақта телеарна түркі елдерінің ортақ ақпараттық медиакеңістігін қалыптастыру үшін мемлекетаралық мәртебеге ие болуға ниетті.
Телеарна цифрлық эфирлік хабар тарату желісі арқылы Түркістан облысының аумағына, сондай-ақ, ұлттық жерсеріктік телевизия желісімен еліміздің бүкіл аумағына таратылатын болады.