«Казтелерадио» АҚ басшылығы мен ұжымы Ключникова Валентина Ефимовнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
2021 жылғы 13 мамырда байланыс саласының еңбек сіңірген жұмыскері, жоғары білікті маман, өз ісінің нағыз шебері Ключникова Валентина Ефимовна созылмалы дерттен қайтыс болды.
Телерадио хабар тарату жүйесінде 45 жыл еңбек еткен Валентина Ефимовна Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату саласының дамуы мен жетілуіне орасан зор үлес қосты. «Қазтелерадио» АҚ Бас техникалық директоры, Басқарма мүшесі лауазымында жұмыс істеді, өзінің терең білімі мен мол кәсіби тәжірибесін, шығармашылық қуатын және белсенділігін өзінің сүйікті ісіне – телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыруға жұмсады. Ол таратушы жабдықтарды жаңғыртудың ірі жобаларын, еліміздің шалғай елді мекендерін телерадио хабарларын тарату сигналымен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі жобалар енгізуге белсене қатысты. Валентина Ефимовна цифрлық хабар таратуға көшу жөніндегі дайындық жұмыстарының көшбасында жүрді.
Ключникова В.Е. бүкіл еңбек жолын телекоммуникация саласына арнады, телерадио хабар тарату саласындағы кәсіби ұрпақтың бірнеше буынын тәрбиеледі. Басшылық лауазымдарды атқара отырып, ол әрдайым әріптестеріне үлгі және жастарға тәлімгер бола білді.
Әріптесіміздің жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Бұл – біздер, әріптестері үшін де ауыр қаза.