«Қазтелерадио» АҚ қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV топтамаларында кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналардың көрсетпей тұрғанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта «Қазтелерадио» АҚ Ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп, «KazSat-3» жерсерігінің жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Ал «KazSat-2» жерсерігін пайдаланатын мемлекеттік телеарналардың таратылуы бұзылған жоқ, әдеттегідей жұмыс істеп тұр.
Барлық 567 радиотелевизиялық станция резервтік «KazSat-2» жерсерігінен телеарналарды қабылдап, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына хабар таратуда.
«Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі.