Аяулы арулар!
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін. Дендеріңізге саулық, отбасыларңызға береке-бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз!
Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметпен, «Қазтелерадио» АҚ