Құрметті әріптестер мен серіктестер!
«Қазтелерадио» АҚ бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жұмыскерлерін кәсіби мереке – БАҚ жұмыскерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – әрбір журналистің, редактордың, оператордың, жалпы күнделікті сапалы әрі объективті контент жасау үшін жұмыс істейтіндердің барлығының үлесін атап өтетін тамаша мүмкіндік. Сіздердің жұмыстарыңыз жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті және өз ісіне деген адалдықты талап етеді.
Қазіргі әлемде БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастыруда, халықты ақпараттың ашықтығымен және көптігімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Біз бүкіл ел үшін сапалы әрі қолжетімді хабар тарату инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, сіздермен иық тіресіп бірге жұмыс істей алатынымызды мақтан тұтамыз.
«Қазтелерадио» АҚ барлық БАҚ жұмыскерлеріне еңбектері мен мамандыққа адалдықтары үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Біз сіздердің шындыққа, объективтілікке деген ұмтылыстарыңызды және біздің елде, әлемде болып жатқан маңызды оқиғалардан халықты хабардар етуге қашан да дайын екендіктеріңізді жоғары бағалаймыз.
Осы мереке күні сіздерге жаңа шығармашылық табыстар, қызықты жобалар, зор денсаулық пен амандық тілейміз. Сіздердің жұмыстарыңыз әрқашан сұранысқа ие болып, лайықты бағасын ала берсін деп тілейміз!