Әлем толассыз өзгеруде және заманауи технологиялар телевизия саласын да айналып өтпеді. Қазақстанда аналогтан цифрлық телевизиялық хабар таратуға көшу 2018 жылы басталды және халықтың 93 %-тен астамын қамтыды. Елде аналогты хабар тарату 2025 жылы біржола тоқтайды деп көзделіп отыр.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап цифрлық телевизияға ішінара көшетін Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстары жаңа технологияның артықшылықтарын бағалап үлгерген өңірлер қатарына қосылады.
Телевизия – ақпарат берудің маңызды құралы және әр азаматтың конституциялық құқығы. Телевизияны цифрландыру қоғам мен заманауи технологиялардың даму динамикасын көрсететін маңызды техникалық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси мәселеге айналуда.
«Аналог» пен «цифрдың» арасындағы айырмашылық
Аналогты хабар тарату кезінде кескін мен дыбысты жіберу үшін аналогты электр сигналы қолданылады және бір жиілікке бір арна бекітіледі. Цифрлық хабар таратуды, керісінше, сигнал беру жылдамдығы жоғары, жаңа буын телевизиясымен танылады. Ол көптеген артықшылықтар ұсынады:
— Арналар саны көп болады: шағын елді мекендерде арналар саны – 2-3-еуден 15-ке дейін, ал облыс орталықтарында 30-ға дейін артады.
— Сурет пен дыбыстың сапасы жақсарады: Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және тіпті ең шалғай аудандарда да шуыл мен бұрмалаусыз беріледі.
— Қосымша қызметтер:
— Түймені бір басып, экранға шығарылатын электрондық хабарлар бағдарламасы (EPG).
— Субтитрлар тілін таңдау.
— Мультимедиялық қосымшалар мен радио.
Қолжетімді әрі тегін
Қазақстандықтар отандық телеарналарды цифрлық сапада және абоненттік төлемсіз көре алады. Облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 30 арнаға дейін, ал шағын елді мекендерде 15 арнаға дейін қолжетімді болады. Телеарналарды көру екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде қарастырылған.
Цифрлық телевизияның Қазақстандағы болашағы
2025 жылға қарай Қазақстан Республикасы халқының кемінде 98%-ін цифрлық эфирлік телевизиямен қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл қадам телесигналдың сапасын жақсартып қана қоймай, қазақстандықтарды ақпараттық және мәдени байыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
ЦЭТВ-ға көшу – бұл трансляция сапасын жақсарту ғана емес, сонымен қатар, елдің технологиялық дамуындағы маңызды кезең.