Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) арнайы құқыққа жатқызылған «Қазтелерадио» АҚ қызметтеріне бағалар жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Министрлік жоғарыда көрсетілген қызметтерге тарифтер жобасын талқылауға монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, тәуелсіз сарапшылардың және «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдерін шақырады.
Жария тыңдауды ұйымдастырушы – Министрлік, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс.
Тыңдауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы «9» қазан сағат 16:00-де.
Тыңдауды өткізу орны: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 4, «Қазмедиа орталығы», 21 қабат.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады:
Министрлік: +7 (7172) 74 02 64
«Қазтелерадио» АҚ: +7(7172) 558444 (ін. 1215 или 1132)
Министрліктің интернет-ресурсының мекенжайы: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam?lang=ru
«Қазтелерадио» АҚ интернет-ресурсының мекенжайы: https://kazteleradio.kz/
«Қазтелерадио» АҚ орналасқан мекен-жайы: Алматы қ., Әл-Фараби к-сі, 118.