Алматы, 19 қараша 2024 жыл — «Қазтелерадио» АҚ 21 қарашаға жоспарланған жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың (ЖПЖ) кейінге қалдырылғанын хабарлайды.
Өзгерістің себебі компанияның Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-жаттығулары шеңберінде техникалық әзірлік пен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қатысуы қажеттілігімен байланысты. Бұл іс-шаралар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған және телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымының дайындығы сақадай сай болуын қажет етеді.
Біз мемлекеттік қызметтер мен халық алдындағы міндеттемелерімізді орындай отырып, байланысқа деген сенімнің жоғары болуына әрі оның қауіпсіздігін сақтау үшін бар күшімізді саламыз. ЖПЖ жүргізудің жаңа мерзімдері туралы қосымша хабарланатын болады.
«Қазтелерадио» АҚ түсінік танытқандарыңызға алғыс білдіре отырып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Қосымша ақпарат алу үшін:
«Қазтелерадио» АҚ Баспасөз қызметі.
Тел.: 193, +7 (727) 2 581 500, 8 8000 800 193
Email: kazteleradio@kazteleradio.kz
Сайт: kazteleradio.kz