Бүгін біз телевизияның адамдарды біріктіретін, шабыттандыратын және ақпаратпен қамтамасыз етіп отыратын күшін еске түсіретін Күнді атап өтеміз.
Ондаған жылдар бойы телевизия ақпараттың, мәдениет пен ойын-сауықтың маңызды көзі болып келеді. Бұл күні біз телеэкранның ар жағында еңбек етіп жүрген жандардың бәріне алғыс айтқымыз келеді.
«Қазтелерадио» АҚ ұзақ жылдар бойы миллиондаған қазақстандықтар үшін телерадио хабарларын сенімді таратып келе жатқандығымен мақтанады. Біз телевизияның қолжетімді, сапалы әрі заманауи болып қалуы жолындағы жұмысымызды жалғастыра беретін боламыз.