«Қазтелерадио» АҚ басшы лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1) «Қазтелерадио» АҚ филиалы Астана Облыстық Радиотелехабар тарату Дирекциясының директоры;
2) «Қазтелерадио» АҚ филиалы Шығыс Облыстық Радиотелехабар тарату Дирекциясының директоры;
3) «Қазтелерадио» АҚ филиалы Батыс Облыстық Радиотелехабар тарату Дирекциясының директоры;
4) «Қазтелерадио» АҚ филиалы Солтүстік Облыстық Радиотелехабар тарату Дирекциясының директоры;
5) «Қазтелерадио» АҚ филиалы Оңтүстік Облыстық Радиотелехабар тарату Дирекциясының директоры.
Мекеменің мекенжайы: Алматы қ., Әл Фараби даңғылы, 118, «Қазтелерадио» АҚ
- Филиал директорының лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасына және
«Қазтелерадио» АҚ нормативтік құжаттарына сәйкес Бас сенімхат шегінде филиал қызметіне басшылықты жүзеге асыру.
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Филиал директорының *радиохабар тарату, радиобайланыс, телевизия және/немесе телекоммуникация саласында жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білімі болуы тиіс (жұмыс істеп жүрген директорлардан басқа), жетекшілік/басқарушылық лауазымда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі, жобалық менеджмент, ҚР азаматтық, еңбек, салық заңнамасының негіздері бойынша білімі және қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде, құжат айналымы және іс жүргізу негіздерімен жұмыс істейтін басқарушылық дағдылары болуы тиіс.
- Конкурс 2025 жылғы 30 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де Алматы қаласы, Әл Фараби даңғылы, 118-үй, «Қазтелерадио» АҚ бас кеңсесінде өтеді.
Байқау конкурсы екі кезеңде өткізіледі:
1) 1 кезең – эссе;
2) 2 кезең – әңгімелесу.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға ресми сайтта хабарландыру жарияланған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс комиссиясына мынадай құжаттар ұсынады:
1) филиал директоры лауазымына арналған конкурсқа қатысуға өтінім;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген) («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін);
5) түйіндеме («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін);
6) қызметтік тізім («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін);
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін);
8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін);
9) «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер» анықтамасы
(«Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін).
- Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін).
- Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты, бар болса, қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады («Қазтелерадио» АҚ-ның қазіргі жұмыс істеп жүрген директорларынан басқа қатысушылар үшін).
- Конкурс «Қазтелерадио» АҚ ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өткізіледі.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ресми сайтта хабарландыру жарияланған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс https://kazteleradio.kz/, мекенжайы: Алматы қ., Әл Фараби даңғылы, 118.
Ескерту:
* — «Қазтелерадио» АҚ қазіргі директорларынан басқалар.
Анықтамалар үшін телефон – 8-701-543-08-25 (Алмат Үйсінұлы Фазыл).
Қосымша телефон 8 (727) 244-45-00 (ішкі 1207); ұялы тел.: 8-707-321-00-76 (Л. Альмадиева)