Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
✨ 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Бұл мерейлі күн – ұлт руханиятын байытып, мәдени мұраны сақтап, насихаттауда аянбай еңбек етіп жүрген жандарға арналған.
«Қазтелерадио» АҚ атынан мәдениет ордаларында, шығармашылық ұйымдар мен ақпарат саласында тынымсыз қызмет етіп жүрген барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз – қоғамның мәдени келбетін айшықтайтын, ұрпақ санасына рухани құндылықтарды сіңіретін маңызды күш.
Төл өнерімізді ұлықтап, руханиятымызды байытып жүргендеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз.
Ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар:
Дендеріңізге саулық, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!