Персоналды басқару және құжаттама департаменті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 17-2-17/2169 хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталатынын хабарлайды. Резервті қалыптастырудың негізгі міндеті — қоғамдық мүдделерді басшылыққа ала отырып, еліміздің дамуына өзгерістер енгізгісі келетін жаңа формацияның көшбасшыларын іздеу болып табылады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.
Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.