2025 жылғы 27 маусымда Алматыда ел медиаиндустриясының басты оқиғаларының бірі – телевизиялық хабар тарату саласындағы жетістіктерді атап өтетін «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығын тапсыру салтанатты рәсімі өтеді.
«Қазтелерадио» АҚ отандық медиа-контентті дамытуды нығайтып, телерадио хабарларын тарату саласындағы кәсібилікті ынталандыра отырып, сыйлықтың демеушісі ретінде қатысады.
Сыйлықты тапсыру рәсімі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеумен тұспа-тұс келіп, іс-шараға бүкіл сала үшін ерекше маңыз береді.