Scroll to top
ru kz

«OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың қызметі

1. Қызметтердің сипаттамасы

«OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын тарату – Жердің жасанды жерсерігі арқылы телевизиялық және радио бағдарламаларды тарату. «OTAU TV» тікелей жерсеріктік хабар тарату ақпараттық өріске халықтың қолжетімдігін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында сигналдарды қабылдау мүмкіндігімен мемлекеттік және коммерциялық арналарды ретрансляциялау арқылы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді. Бағдарламалардың көзінен (телерадио компаниялардан) телевизиялық және радио бағдарламаларды «Қазтелерадио» АҚ-ның техникалық орталықтарына беру жалғау жолдар (оптикалық-талшықты жолдар, радиорелелік жолдар, жерсеріктік жолдар) бойынша орындалады. Тасымалдау ағындарын қалыптастыру және оларды жерсерікке көтеру «Қазтелерадио» АҚ-ның Алматы, Нур-Султан, Орал қалаларының техникалық орталықтарында жүзеге асырылады. Тасымалдау ағындары «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың бағдарламалар топтамасын құрайды.

Техникалық орталық жабдығының құрамына:

  1. коммутация және үлестіру жабдығы;
  2. бақылау және мониторингтеу жабдығы;
  3. қабылдау жабдығы;
  4. кодтау жабдығы;
  5. мультиплекстеу жабдығы;
  6. шартты қолжетімділік жүйелерінің жабдығы;
  7. радиожиіліктік жабдық (модуляторлар, қуатты күшейткіштер, антенналық жүйелер);
  8. электрлік қоректендіру жабдығы (ДГА, ИБП, АВР, үйлестіруші қалқандар, кәбілдік желілер).

Техникалық орталықтардың кодтау және мультиплекстеу жүйелері Harmonic INC компаниясының жабдығында іске асырылған.

Тұтынушыда орналастыратын жабдықтың абоненттік жиынтықтың құрамына:

1) жиынтықта жерсеріктік антенна (рефлектор, тарту, тірек, позиционер, сәулелендіргішті ұстағыш, нығайтқыш). Жерсеріктік антеннаның диаметрі (өңірдің) орнату орнына және жабу аймағына сәйкес Жердің жасанды жерсерігінің төменгі жолында тиімді изотроптық сәуле таратқыш қуаттың деңгейіне қарай анықталады. Қазіргі таңда диаметрлері 0,9 м және 1,2 м жерсеріктік антенналар қолданылады.

2) әмбебеп азшуылды күшейткіш блок;

3) қысуға F-типті ағытпалар;

4) RG-6 кәбілі;

5) жиынтықта тұрмыстық жерсеріктік қабылдағыш (жерсеріктік қабылдағыш, қашықтықтан басқару пульті, телевизорға қосу үшін кәбіл (композитті немесе HDMI), пайдаланушының нұсқаулығы).


2. Қызметтерді ұйымдастыру сызбасы

«OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұйымдастыру сызбасы 1 және 2 суреттерде көрсетілген.

1-сурет. «OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұйымдастырудың құрылымдық сызбасы.

2-сурет. «OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұйымдастыру сызбасы.


3. Қолданылатын геостационарлық жерсеріктердің сипаттамалары

«OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінің жұмысын қамтамасыз ету үшін геостационарлық жерсеріктердің ресурсы қолданылады. Геостационарлық жерсеріктер – геостационарлық орбитадағы және Жерге қатысты қозғалыссыз қалатын, Жердің жасанды жерсеріктері.

KazSat-3 геостационарлық жерсерігінің негізгі сипаттамалары:

  1. геостационарлық орбитадағы тұрған нүктесі – шығыс ұзақтықтан 58,5 градус;
  2. орбитаның түрі – геостационарлық орбита;
  3. қолданылатын жиілікті диапазон – Ku (Желі жоғары 13МГц-13,52МГц/Желі төмен 10,7МГц-10,95МГц);
  4. телевизиялық транспондерлердің ені – 36 МГц;
  5. қолданылатын поляризация – сызықтық (тік/көлденең);
  6. тиімді изотроптық сәуле таратқыш қуат – 54,2 дБВт;
  7. қолдануға жоспарланған транспондерлер – B2, B4, B6, B8, B10, B12;
  8. қолдануға жоспарланған сәуле – №2 сәуле;
  9. Жабын аймағы 4-суретте көрсетілген. Жабын аймағы – шегінде бөгеуілдер болмаған жағдайда ғарыштық станция мен қажетті сапалын бір немесе бірнеше жер станциялары арасында радиобайланыс орнатылуы мүмкін, қуат ағынының белгіленген тығыздығы шамасының контурымен шектелген жер бетінің бөлігі;
  10. белсенді тіршілік мерзімі 15 жыл;
  11. жерсеріктік – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ

4-сурет. KazSat-3 (№2 сәуле) геостационарлық жерсерігінің жабын аймағы.


4. «OTAU TV» тікелей телерадио хабарларын тарату жерсеріктік желісінің тасымалдау ағындарының параметрлері

KazSat-3 геостационарлық жерсеріктерге көтеретін және көтеруге жоспарланатын тасымалдау ағындарының параметрлері кестеде көрсетілген.

KazSat-3 геостационарлық жерсерікке көтеруге жоспарланған тасымалдау ағындарының параметрлері.

№ р/тЖерсерікТранспондердің нөміріЖиілік, МГцПоляризацияОрналасқан жолақ, МГцСтандартБейнені сығу стандартыМодуляцияFECСимволдық жылдамдықSR, Мсим/сАқпараттық жылдамдықIR, Мбит/сБасу
Жоғары желідеТөмен желідеЖоғары желідеТөмен желіде
1KazSat-3B213020,510720,5V (тік)H (көл)36DVB-S2MPEG -48-PSK3/43066,843NDS, Irdeto
2B413062,210762,2V (тік)H (көл)36DVB-S2MPEG -48-PSK3/43066,843NDS, Irdeto
3B613103,910803,9V (тік)H (көл)36DVB-S2MPEG -48-PSK3/43066,843NDS, Irdeto
4B813145,610845,6V (тік)H (көл)36DVB-S2MPEG -48-PSK3/43066,843NDS, Irdeto
5B1013187,310887,3V (тік)H (көл)36DVB-S2MPEG -48-PSK3/43066,843NDS, Irdeto
6B121322910929V (тік)H (көл)36DVB-S2MPEG -48-PSK3/43066,843NDS, Irdeto

5. Қызметтерді жүзеге асырудың кезеңдері

5.1. Арналарды «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату бағдарламаларының топтамасына қосу.

«OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабарларын тарату бағдарламалары топтамасына арналарды қосу мүмкіндігін атқару, Теле-, радиокомпаниялардан келген хаттар негізінде жүзеге асырылады. Коммерциялық блок Техникалық блокқа арнаны қосудың техникалық мүмкіндігін анықтауға және “Қазтелерадио” АҚ-ның техникалық орталықтарында Теле-, радиокомпаниялардың жабдықтарын орналастыруға және қосуға техникалық шарттар дайындауға сұраныс жібереді. Техникалық блок арнаны қосудың техникалық мүмкіндігін қарастырады және жабдықты орналастыруға техникалық шарттар жасайды. Техникалық шарттар қызметтердің құны бойынша коммерциялық ұсыныстарды дайындау үшін Коммерциялық блокқа жіберіледі. Техникалық мүмкіндік және қызметтер құнымен теле-,радиокомпаниялар келісімі болған жағдайда коммерциялық блок шарт жасайды. Бағдарламалардың топтамасына арнаны қосу үшін, Коммерциялық блок арналардың параметрлерінің (арна нөмірі, топтама, топтың нөмірі (бейне форматы, ең аз және ең көп ақпараттық жылдамдықтар, артықшылық), аудио сигналдың түрі (стерео, моно), стереожұптардың саны) көрсетілуімен Техникалық блокқа сұраныс жібереді.

Техникалық блок жұмыстарды жүргізу бағдарламасын, жұмыстарды жүргізуге өтінімдер мен тиісті өкім дайындауды жүзеге асырады.

Жұмыстар жүргізілгеннен кейін Коммерциялық блокқа орындалған жұмыстар бойынша есеп жіберіледі.

5.2. «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабарларын тарату бағдарламалары топтамасында арналарды өшіру.

Арналарды өшіру Коммерциялық блоктың Техникалық блокқа жіберілген қызметтік жазбалары негізінде жүзеге асырылады.

Техникалық блок жұмыстарды жүргізу бағдарламасын, жұмыстарды жүргізуге өтінімдер мен тиісті өкім дайындауды жүзеге асырады.

Жұмыстарды өткізгеннен кейін Коммерциялық блокқа атқарылған жұмыстар бойынша есеп жіберіледі.

5.3. «OTAU TV» бағдарламалары топтамасына еркін қол жетімді арналарды қосу/өшіру.

«OTAU TV» бағдарламалары топтамасына еркін қол жетімді телевизиялық және радио арналарды қосу/өшіру туралы шешімді қабылдауды мемлекеттік комиссия жүзеге асырады. Еркін қол жетімді арналар тізімінің мемлекеттік комиссиясын қалыптастыру Теле-, радиокомпаниялар берген өтініштердің және телерадиохабарларын таратудың ұлттық операторының жерсеріктік желісіне қосудың техникалық шарттары негізінде жүргізіледі.

Ұлттық операторлармен таратылатын, еркін қол жетімді телевизиялық және радиоарналар тізімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және дамыту министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

Еркін қолжетімді арналар тізбесін бекіткеннен кейін “OTAU TV” бағдарламалары топтамасы құрамын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

5.4. «OTAU TV» бағдарламаларының топтамасында телевизиялық және радио арналарды ретрансляциялау үшін қызметтер төлемі.

«OTAU TV» бағдарламаларының топтамасында телевизиялық және радиоарналарды ретрансляциялауға шарттар жасау/бұзу, сондай-ақ актілерді дайындау және төлем үшін шоттарды ұсынуды Коммерциялық блок жүзеге асырады.

«OTAU TV» бағдарламаларының топтамасында еркін қолжетімді арналарды трансляциялауға шығындарды өтеу және трансляциялау «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» РММ-мен жасалған шарттардың шеңберінде жүзеге асырылады. Қаражаттар 087 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен өтеледі.

5.5. Техникалық орталықтардың жабдықтарына техникалық қызмет көрсету.

Техникалық орталықтардың жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді «Ұлттық телерадио хабарларын тарату дирекциясы» филиалының құрылымдық бөлімшелерінің персоналы жүзеге асырады. Техникалық қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады:

  1. жабдықтың жұмысын жедел бақылау;
  2. профилактикалық жұмыстар мен бақылаулық өлшеулердің бекітілген кестесіне сәйкес жоспарлы жұмыстарды жүргізу;
  3. Бас техникалық директордың өкімдеріне сәйкес жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу.

Бұдан басқа, компрессия және мультиплекстеу жабдықтарына, шартты жүйелеріне және SI/PSI генераторларына сервистік қолдау көрсетуге бөгде компаниялармен шарттар жасалады.

5.6. «OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадиохабарларын тарату желісі абоненттерімен өзара қарым-қатынас.

«OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадиохабарларын тарату желісінің абоненттік жиынтықтарын құрастыруды авторландырылған дилерлер жүзеге асырады.

Дилерлерді таңдау және олармен өзара қарым-қатынасты Коммерциялық блок жүзеге асырады.

«OTAU TV» тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі абоненттерімен өзара қарым-қатынас кезінде Коммерциялық блоктың құрылымдық бөлімшелері келесілерді жүзеге асырады:

  1. абоненттердің үндеулерін тіркеу;
  2. желіде жұмыс істеуі үшін абоненттерді авторландыру;
  3. биллинг;
  4. абоненттермен жұмыс;
  5. желідегі өзгерістер туралы абоненттерді хабардар ету.