Scroll to top
ru kz

«OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабар тарату қызметі

Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды қамтамасыз етуде Ұлттық жерсеріктік телерадио хабар тарату желісі (ҰЖТХТЖ) маңызды рөл атқарады, ол арқылы «Қазтелерадио» АҚ республикалық хабар тарату желілеріне телеарна және радиоарналарды таратуды қамтамасыз етеді.

«Қазтелерадио» АҚ ҰЖТХТЖ арқылы жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтерінің мынадай түрлерін ұсынады:

1. DVB-S2 стандартында MPEG-4 қысу форматында OTAU TV брендімен республикалық және өңірлік телерадиоарналарды тікелей жерсеріктік тарату;

2. MPEG-4 қысу форматы бар DVB-S2 стандартында цифрлық эфирлік теледидар желісіне телеарналарды тарату;

3. MPEG-2 қысу форматымен DIGICIPHER II стандартында аналогтық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісіне теле -, радиоарналарды тарату;

4. телекөпірлер мен телевизиялық материалдардың бір мекенжайлық берілістерін өткізу үшін телевизиялық алмасудың жерсеріктік арналарын ұйымдастыру;

5. телерадио хабарларын тарату операторлары үшін қайта таратылатын теле-, радиоарналарды жерсерікке көтеру.

Жерсеріктік теледидар туралы толық ақпаратты www.otautv.kz сайтынан таба аласыз.

Байланыс ақпараты:

Мекенжайы: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 118. «Қазтелерадио» АҚ.

E-mail: kazteleradio@ kazteleradio.kz.

Тел. +7 (727) 2 444 500 (қос. 1020, 1040)