Scroll to top
ru kz

Құпиялылық саясаты

Осы «Құпиялылық саясаты» құжаты (бұдан әрі мәтін бойынша – «Саясат») «Қазтелерадио» АҚ www.kazteleradio.kz сайтын (бұдан әрі – Сайт) пайдалана отырып, жинайтын интернет-пайдаланушылардың деректерін  пайдалану қағидалары дегенді білдіреді.

1. ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ

1.1 Осы «Құпиялылық саясатында мынадай терминдер қолданылады:

1.1.1. «Сайт әкімшілігі»  (бұдан әрі – Әкімшілік) – дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ, дербес деректерді өңдеу мақсаттарын, өңдеуге жататын дербес деректердің құрамын, дербес деректермен жасалатын әрекеттерді (операцияларды) айқындайтын «Қазтелерадио» АҚ атынан әрекет ететін сайтты басқаруға уәкілетті қызметкерлер.

1.1.2. «Дербес деректер» – тікелей немесе жанама түрде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) қатысты кез келген ақпарат.

1.1.3. «Дербес деректерді өңдеу» – автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай-ақ, дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, жіберу (тарату, ұсыну, қолжетімділік), иесіздендіру, бұғаттау, жоюмен қоса, дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы.

1.1.4. «Дербес деректердің құпиялылығы» – Оператордың немесе дербес деректерге қол жеткізген өзге де тұлғаның ұстануына арналған, дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негізсіз оларды таратуға жол бермеуге міндетті талап.

1.1.5. «Сайтты пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы)» – Интернет желісі арқылы Сайтқа кіре алатын және Сайтты пайдаланатын тұлға.

1.1.6. «Cookies» – бұл веб-сервер жіберген және Пайдаланушының компьютерінде сақталған деректердің кішкене бөлігі, оны веб-клиент немесе веб-браузер тиісті сайттың бетін ашуға тырысқанда әр кез HTTP-сұрауындағы веб-серверге жіберіп отырады.

1.1.7. «IP-мекенжай» – IP хаттамасы бойынша құрылған компьютерлік желідегі түйіннің желілік бірегей мекенжайы.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Пайдаланушының Сайтты пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісуді білдіреді.

2.2. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Сайтты пайдалануды тоқтатуы керек.

2.3. Бұл Құпиялылық саясаты тек Сайтқа қолданылады. Сайт пайдаланушы Сайтта қолжетімді сілтемелерге кіре алатын үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және оларға жауап бермейді.

2.4. Сайт әкімшілігі Сайт пайдаланушысы ұсынатын дербес деректердің дұрыстығын тексермейді.

3. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

3.1. Осы Саясат Сайт әкімшілігінің оператордың қоңырауына өтінімді ресімдеу немесе жарияланымдарға түсініктеме беру кезінде Пайдаланушы Сайт әкімшілігінің сұрауы бойынша жіберетін дербес деректердің құпиялылығын қорғау режимін жария етпеу және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін белгілейді.

3.2. Осы Құпиялылық саясаты аясында өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы Сайтта тіркеу нысанын толтыру жолымен ұсынады және мынадай ақпаратты қамтиды:

3.2.1. Пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты;

3.2.2. Пайдаланушының байланыс телефоны;

3.2.3. Электрондық пошта мекенжайы (e-mail);

3.3. Жоғарыда айтылмаған кез келген өзге де дербес ақпарат, осы Құпиялылық саясатының 5.2. тт. қарастырылған жағдайларды қоспағанда, сенімді сақтауға және таратпауға жатады.

4. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ АҚПАРАТЫН ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ

4.1. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының дербес деректерін мынадай мақсаттарға пайдалана алады:

4.1.1. Қоңырауға тапсырыс беру және (немесе) Сайт жарияланымдарына түсініктеме беру үшін сайтта рұқсат етілген Пайдаланушыны сәйкестендіру.

4.1.2. Пайдаланушыға Сайттың жеке ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету.

4.1.3. Пайдаланушымен кері байланыс орнату, соның ішінде хабарламалар жіберу, Сайтты пайдалануға қатысты сұраулар, қызметтер көрсету, Пайдаланушының сұраныстары мен өтінімдерін өңдеу.

4.1.4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу үшін Пайдаланушының орналасқан жерін анықтау.

4.1.5. Пайдаланушы ұсынған дербес деректердің дұрыстығы мен толықтығын растау.

4.1.6. Пайдаланушының келісімімен жарнамалық қызметті жүзеге асыру.

5. ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мерзімі шектелмей, кез келген заңды тәсілмен, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай-ақ дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады

5.2. Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер және тәртіппен ғана Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарына берілуі мүмкін.

5.3. Дербес деректер жоғалған немесе жария етілген кезде Сайт әкімшілігі Пайдаланушыға дербес деректердің жоғалғаны немесе жария етілгені туралы хабарлайды.

5.4. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының дербес ақпаратын заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

5.5. Сайт әкімшілігі Пайдаланушымен бірлесіп Пайдаланушының дербес деректерін жоғалтудан немесе жария етуден туындаған шығындардың немесе өзге де теріс салдарлардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларын қабылдайды.

6. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

6.1. Пайдаланушы міндетті:

6.1.1. Сайтты пайдалану үшін қажетті дербес деректер туралы ақпарат беруге.

6.1.2. Осы ақпарат өзгерген жағдайда ұсынылған дербес деректер туралы ақпаратты жаңартуға, толықтыруға.

6.2. Сайт әкімшілігі міндетті:

6.2.1. Алынған ақпаратты тек осы Құпиялылық саясатының 4 т. көрсетілген мақсаттар үшін пайдалануға.

6.2.2. Құпия ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етуді, Пайдаланушының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жария етпеуді, сондай-ақ, осы Құпиялылық саясатының 5.2. тт. қоспағанда, Пайдаланушының берілген дербес деректерін сатуды, алмасуды, жариялауды немесе өзге де ықтимал тәсілдермен жария етуді жүзеге асырмауы тиіс.

6.2.3. Қолданыстағы іскерлік айналымдағы ақпараттың осы түрін қорғау үшін әдетте қолданылатын тәртіпке сай Пайдаланушының жеке деректерінің құпиялылығын қорғау үшін сақтық шараларын қолдануға.

6.2.4. Дұрыс емес дербес деректер немесе заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің немесе дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның өтініші немесе сұрау салуы жасалған сәттен бастап тексеру кезеңінде тиісті Пайдаланушыға қатысты дербес деректерді бұғаттауды жүзеге асыруға.

7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Өз міндеттемелерін орындамаған Сайт әкімшілігі осы Құпиялылық саясатының 5.2. және 7.2. тт. қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді заңсыз пайдалануға байланысты Пайдаланушының шеккен шығындары үшін жауапты болады.

7.2. Құпия ақпарат жоғалған немесе жария етілген жағдайда, егер осы Құпия ақпарат:

7.2.1. Ол жоғалғанға немесе жария етілгенге дейін жария болса.

7.2.2. Оны үшінші тараптан Сайт әкімшілігі алғанға дейін алса.

7.2.3. Пайдаланушының келісімімен жарияланса Сайт әкімшілігі жауапты болмайды.

8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

8.1. Сайтты пайдаланушы мен Сайт әкімшілігі арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап-арызбен сотқа жүгінгенге дейін кінәрат-талап қою міндетті болып табылады (дауды ерікті түрде реттеу туралы жазбаша ұсыныс).

8.2. Кінәрат-талап алушы кінәрат-талапты алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кінәрат-талап берушіні шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді.

8.3. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органының қарауына берілетін болады.

8.4. Осы Құпиялылық саясатына және Пайдаланушы мен Сайт әкімшілігі арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

9. ҚОСЫМША ШАРТТАР

9.1. Сайт әкімшілігі Пайдаланушының келісімінсіз осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.

9.2. Егер Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында басқаша қарастырылмаса жаңа құпиялылық саясаты Сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

9.3. Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстар немесе сұрақтар «Сұрақ-Жауап» немесе «Басқарма төрағасының блогы» айдарындағы «Бізбен байланыс» бөлімінде хабарлануы тиіс.

9.4. Қолданыстағы құпиялылық саясаты www.kazteleradio.kz мекенжайында  орналастырылған.