Scroll to top
ru kz

СМЖ сәйкестігі туралы сертификат

«Қазтелерадио» АҚ-да ISO 9001:2015 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) жұмыс істейді.

«Қазтелерадио» АҚ СМЖ телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсыну, деректерді жерсерік арқылы жіберу, OTAU TV жерсеріктік телевизиясы, өндірістік инфрақұрылымды жалдау, өлшеу құралдарын тексеру, техникалық шарттарды дайындау, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаумен байланысты үдерістерге таратылады.

СМЖ – тиімді басқару құралы, ол көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге және барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен үміттерін орындауды қамтамасыз етуге көмектеседі. Осы мақсатта «Қазтелерадио» АҚ:

  • «Қазтелерадио» АҚ Даму стратегиясына сәйкес Сапа саласындағы саясатты әзірлейді және іске асырады;
  • сапа саласындағы мақсаттарды белгілейді;
  • тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтайды және оларды басқарады;
  • СМЖ ішкі аудитін жүргізеді;
  • басшылық тарапынан СМЖ талдауын жүргізеді.

2018 жылдың қарашасында «Қазтелерадио» АҚ СМЖ белгіленген талаптарға сәйкестігінBureau Veritas Certification Holding SAS – UK Branch сертификаттау жөніндегі органы растады (СМЖ сәйкестігі туралы сертификат).