1. Қызметтің сипаттамасы
Жерсеріктік байланыс арқылы телевизиялық және радио бағдарламаларды тарату қызметі – аналогты эфирлік желіде содан соң трансляциялау үшін РТС қабылдау құралдарына Жердің жасанды жерсерігі арқылы мемлекеттік және коммерциялық бағдарламаларды үлестіру.
Қызмет Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аналогты РТС қабылдау құралдарына сигналды үлестіру мүмкіндігі есебінен мемлекеттік және коммерциялық бағдарламаларды аналогты таратумен халықты қамтуды қамтамасыз етеді, ал ол ақпараттық өріс тұтастығын сақтауға және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бағдарламалар дайындалатын жерден (теле және радио компаниялардан) телевизиялық және радио бағдарламаларды ”Қазтелерадио” АҚ-ның техникалық орталығына беру жалғау жолдары (талшықты-оптикалық желілер, радиорелелік желілер, жерсеріктік желілер) арқылы орындалады. Көліктік ағындарды қалыптастыру және оларды жерсерікке көтеру ”Қазтелерадио” АҚ-ның Алматы қаласында техникалық орталығында жүзеге асырылады. Сигналды көтеру DigiCipher-II стандартында жүзеге асырылады. Көрсетілген міндеттерді қамтамасыз ету үшін KazSat-2 және Intelsat-904 геостационарлық жерсеріктерінің ресурсы қолданылады. Intelsat-904 геостационарлық жерсерігі арқылы берілетін сигнал негізгі, ал KazSat-2 геостационарлық жерсерігі арқылы берілетін сигнал резервтік болып табылады.
Қазіргі таңда “Республикалық ғарыштық байланыс орталығы” АҚ-на тиесілі KazSat-3 отандық геостационарлық жерсерігінің ресурстарына көшу бойынша шараларды орындау жүзеге асырылуда. KazSat-3 геостационарлық жерсерігінің ресурстарына өту аяқталғаннан кейін Intelsat-904 геостационарлық жерсерігі арқылы DigiCipher-II стандартында хабар тарату тоқтатылады. DigiCipher-II стандартында сигналды үлестіру жүзеге асырылатын негізгі және бірден бір геостационарлық жерсерік KazSat-2 болады. DigiCipher-II стандартында сигналды үлестіру цифрлық эфирлік желінің құрылысын аяқталғаннан кейін және аналогты хабар тарату толық өшірілгеннен кейін тоқтатылатын болады.
Жерсеріктерді таңдау оларда тиісті техникалық сипаттамалары мен жабынның қажетті аймағы бар жалға алуға қолжетімді жерсеріктік ресурстардың бар болуына қарай жүргізілген.
Техникалық орталық жабдығының құрамына:
- коммутация және үлестіру жабдығы;
- бақылау және мониторингтеу жабдығы;
- қабылдау жабдығы;
- АЦП жүйесі;
- UCS жүйесі;
- кодтау жүйесі;
- мультиплекстеу жүйесі;
- модуляция жүйесі;
- радиожиіліктік жабдықтар (модуляторлар, қуатты күшейткіштер, антенналық жүйелер);
- электр қуатының жабдықтар (ДГА, ИБП, АВР, үйлестіруші қалқандар, кәбілдік желілер) кіреді.
Аналогты РТС қабылдау жабдығының құрамына:
- қабылдаушы жерсеріктік антенна;
- аз шуылды күшейткіш блок;
- DigiCipher-II стандартты жерсеріктік қабылдағыш.
2. Қызметтерді ұйымдастыру сызбасы
Жерсеріктік байланыс арқылы телевизиялық және радио бағдарламаларды тарату қызметтерін ұйымдастырудың сызбалары
1-сурет. Жерсеріктік байланыс арқылы телевизиялық және радиобағдарламаларды тарату қызметтерін ұйымдастырудың құрылымдық сызбасы.
2-сурет. Жерсеріктік байланыс арқылы телевизиялық және радиобағдарламаларды тарату қызметтерін ұйымдастыру сызбасы.
3. Қолданылатын геостационарлық жерсеріктердің сипаттамалары
Жерсеріктік байланыс арқылы телевизиялық және радиобағдарламаларды үлестіруді қамтамасыз ету үшін геостационарлық жерсеріктердің ресурсы қолданылады. Геостационарлық жерсеріктер – геостационарлық орбитадағы және Жерге қатысты қозғалыссыз қалатын, Жердің жасанды серіктері.
Intelsat-904 геостационарлық жерсерігінің негізгі сипаттамалары:
- тұрған нүктесі – шығыс ұзақтықтан 60 градус;
- орбитаның түрі — геостационарлық орбита;
- қолданылатын жиіліктік диапазон – Ku (Желі жоғары 14МГц -14,5МГц / Желі төмен 10,95МГц -11,7МГц);
- телевизиялық транспондерлердің ені – 36 МГц;
- қолданылатын полярлау – сызықтық (тік/көлденең);
- тиімді изотроптық сәуле таратқыш қуат — 52,6 дБВт;
- қолданылатын транспондерлер — 76;
- қолданылатын сәуле – Spot 2;
- Жабын аймағы 3-суретте көрсетілген. Жабын аймағы – шегінде бөгеуіл болмаған жағдайда ғарыштық станса мен қажетті сапалы бір немесе бірнеше жер стансалары арасында радиобайланыс орнатылуы мүмкін, қуат ағынының белгіленген тығыздығы шамасының контурымен шектелген жер бетінің бөлігі;
- белсенді тіршілік мерзімі 12 жыл;
- жерсеріктік оператор — Intelsat Global Sales & Marketing Ltd компаниясы.
3-сурет. Intelsat-904 (Spot 2) геостационарлық жерсерігінің жабын аймағы.
KazSat-2 геостационарлық жерсерігінің негізгі сипаттамалары:
- геостационарлық орбитадағы тұрған нүктесі – шығыс ұзақтықтан 86,5 градус;
- орбитаның түрі — геостационарлық орбита;
- қолданылатын жиілікті диапазон – Ku (Желі жоғары 14МГц -14,5МГц / Желі төмен 10,95МГц -11,7МГц);
- телевизиялық транспондерлердің ені – 54 МГц;
- қолданылатын полярлау – сызықтық (тік/көлденең);
- тиімді изотроптық сәуле таратқыш қуат — 53 дБВт;
- қолданылатын транспондер — Т09;
- Жабын аймағы 4-суретте көрсетілген. Жабын аймағы – шегінде бөгеуілдер болмаған жағдайда ғарыштық станса мен қажетті сапалын бір немесе бірнеше жер стансалары арасында радиобайланыс орнатылуы мүмкін, қуат ағынының белгіленген тығыздығы шамасының контурымен шектелген жер бетінің бөлігі;
- белсенді тіршілік мерзімі 12,25 жыл;
- жерсеріктік оператор — “Республикалық ғарыштық байланыс орталығы” АҚ.
4- сурет. KazSat-2 геостационарлық жерсерігінің жабын аймағы.
4. Жерсеріктік байланыс арқылы телевизиялық және радиобайланысты тарату қызметтерінің көліктік ағындарының параметрлері
Intelsat-904, KazSat-2 геостационарлық жерсеріктерге көтеретін көліктік ағындардың параметрлері 1 және 2 кестеде көрсетілген.
1-сурет. Intelsat-904 геостационарлық жерсерікке көтерілетін көліктік ағындардың параметрлері.
№ р/р | Жерсерік | Транспондердің нөмірі | Жиілік, МГц | Поляризация | Орналасқан жолақ, МГц | Стандарт | Бейнені сығу стандарты | Модуляция | FEC | Символдық жылдамдықSR, Мсим/с | Ақпараттық жылдамдықIR, Мбит/с | ||
Жоғары желі | Төмен желіде | Жоғары желіде | Төмен желіде | ||||||||||
1 | Intelsat-904 | 76 | 14 395 | 11 595 | V (тік) | H (көлд.) | 36 | DigiCipher — II | MPEG -2 | QPSK | 5/6 | 29,270 | 44,950 |
2- сурет. KazSat-2 геостационарлық жерсерікке көтерілетін көліктік ағындардың параметрлері.
№ р/р | Жерсерік | Транспондердің нөмірі | Жиілік, МГц | Поляризация | Орналасқан жолақ, МГц | Стандарт | Бейнені сығу стандарты | Модуляция | FEC | Символдық жылдамдықSR, Мсим/с | Ақпараттық жылдамдықIR, Мбит/с | ||
Жоғары желіде | Төмен желіде | Жоғары желіде | Төмен желіде | ||||||||||
1 | KazSat-2 | Т09 | 14 272,25 | 11 472,25 | V (тік) | H (көлд.) | 36 | DigiCipher — II | MPEG -2 | QPSK | 5/6 | 29,270 | 44,950 |
Intelsat-904,KazSat-2 геостационарлық жерсеріктері арқылы аналогты РТС қабылдау құралдарына үлестірілетін телевизиялық және радиоарналар тізбесі 3-кестеде келтірілген.
3-кесте. Аналогты РТС қабылдау құралдарына үлестірілетін арналар тізбесі.
№ р/р | Арнаның атауы | Ескерту |
Мемлекеттік телевизиялық бағдарламалар: | ||
1 | Хабар | |
2 | 24 KZ | |
3 | НТК «Қазақстан» | |
4 | Евразия 1 арнасы | |
Мемлекеттік радиобағдарламалар: | ||
5 | Қазақ радиосы | |
6 | Шалқар | |
7 | Тенгри FM | |
Облыстық теле-, радиоарналар | ||
8 | Ақмола ТВ | |
9 | Жамбыл ТВ | |
10 | Ақтөбе ТВ | |
11 | Атырау ТВ | |
12 | Шығыс Қазақстан ТВ | |
13 | Солтүстік Қазақстан ТВ | |
14 | Солтүстік Қазақстан РХТ | |
15 | Батыс Қазақстан ТВ | |
16 | Батыс Қазақстан РХТ | |
17 | Қарағанды ТВ | |
18 | Қызылорда ТВ | |
19 | Қостанай ТВ | |
20 | Павлодар ТВ | |
21 | Оңтүстік Қазақстан ТВ |
5. Қызметтерді жүзеге асыру кезеңдері
5.1. Қызметтерді көрсету шарттарын жасау/бұзу.
Жерсеріктік байланыс арқылы телевизиялық және радиобағдарламаларды тарату қызметтеріне шарттарды жасауды / бұзуды коммерциялық блок жүзеге асырады.
5.2. DigiCipher-II стандартында трансляцияланатын арналарды қосу / өшіру.
Арналарды өшіру Техникалық блокқа бағытталған Коммерциялық блоктың қызметтік жазбаларының негізінде жүзеге асырылады.
Техникалық блок жұмыстарды жүргізу бағдарламасын, жұмыстарды жүргізуге өтінімдер мен тиісті өкім дайындауды жүзеге асырады.
Жұмыстар жүргізілгеннен кейін Коммерциялық блокқа орындалған жұмыстар бойынша есеп жіберіледі.
5.3. Қызметтерді төлеу.
Актілерді дайындау және төлем үшін шоттарды ұсынуды жасалған шарттардың және хабар таратудың нақты көлемдерінің негізінде Коммерциялық блок жүзеге асырады. Төлем шарттары шарттарда ескертілген.
5.4. Жерсеріктік ресурсты жалға алу бойынша шығындарды өтеу.
Intelsat-904, KazSat-2 геостационарлық жерсеріктерінде жерсеріктік ресурсты жалға алу бойынша шығындарды өтеу «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» РММ-мен жасалған шарттардың шеңберінде жүзеге асырылады. Қаражаттар 087 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен өтеледі.
5.5. Техникалық орталықтардың жабдықтарына техникалық қызмет көрсету.
Техникалық орталықтардың жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді «Ұлттық телерадио хабарларын тарату дирекциясы» филиалының құрылымдық бөлімшелерінің персоналы жүзеге асырады. Аналогты РТС-тердің қабылдаушы жабдығына техникалық қызмет көрсетуді «Облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциялары» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады. Техникалық қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады:
- жабдықтың жұмысы жедел бақылау;
- профилактикалық жұмыстар мен бақылаулық өлшеулердің бекітілген кестесіне сәйкес жоспарлы жұмыстарды жүргізу;
- Бас техникалық директордың өкімдеріне сәйкес жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу.